ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комиетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің бас маманы , C-O-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Негізгі функционалдық міндеті: бөлім жұмысын ұйымдастыру, ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; облыс аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру, экспорттау ,импорттау және транзиттау кезінде кедендік бекеттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру. Облыс аумағында экспорт, импорт кезінде мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасмалданатын) жүктерді бақылауды және қадағалауғады жүзеге асыру. Аудандық қалалық инспекцияларымен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына және үшінші елдердің тізілімдеріне өткізілетін бақылауға жататын тауарларды өндіруді, қайта өндеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізіліміне енгізу үшін кәсіпорындарға инспекциялауды жүргізу. Ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ұсынады. Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. Шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысында бақылау жүргізеді. Жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша ветеринариялық бақылауды жүргізеді. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.06.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.06.2023 – 15.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945