ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 26 желтоқсанға дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама нормаларын орындауы бойынша шаралар қабылдайды; инспекция қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда белгіленген тәртіппен инспекцияның мүдделерін білдіреді; инспекцияның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда инспекция атынан түсіндірулер дайындайды; шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді; тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында инспекцияның қатысуымен болған даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық келтіру туралы өтініштермен жүгінеді; персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) "Е-kyzmet" интеграциялық ақпараттық жүйесінде жұмысты жүргізеді; "Е-kyzmet" интеграциялық ақпараттық жүйесіне дербес деректердің уақтылы және дұрыс енгізілуіне бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін ресімдеуді және сақтауды қамтамасыз етеді; қызметтік тізімдерге және еңбек кітапшаларына қажетті жазбалар енгізеді; Мемлекеттік қызметке қабылданғандардың міндетті арнайы тексеруден өтуін және олардың салтанатты ант тапсыруын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу үшін материалдар мемлекеттік қызметшілерге тоқсандық және жылдық бағалау жүргізу; қызметкерлерді тәртіптік жазаға тарту және көтермелеу бойынша жұмысты үйлестіреді; инспекцияға кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастырады; жеке құрам және негізгі қызмет бойынша инспекцияның бұйрықтарын ресімдейді; қорғаныс істері жөніндегі басқармаға әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер бойынша есептерді дайындау және ұсыну; мұрағатқа тапсыруға жататын істерді ресімдейді және қалыптастырады; қызметкерлердің Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.06.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.06.2023 – 15.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945