ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық бақылау және ветеринариялық препараттар айналымы басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

3.1. Басқарманың сарапшысы өзіне тапсырылған лауазымдық міндеттерін сапалы, дер кезінде және тиісті орындауға жеке басымен жауап береді.

3.2. Басқарманың шығыс құжаттарына бұрыштама қояды.

3.3. Уақтылы ұйымдастырып және сапалы орындайды:

- құжаттардың дер кезінде және сапалы, оның ішінде Басқараманың құзыретіне кіретін бақылаудағы хаттар, сонымен бірге Басқарма басшысының, Комитет төрағасы орынбасары мен Комитет төрағасының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

- басқарманың құзыры шеңберінде мемлекеттік қызметтің тиісті регламенті мен стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді;

- Басқарма құзыретіне қатысты ЕАЭО нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және келісуге қатысу;

- Комитеттің ұсынуы бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, басқа да ведомстволармен, ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық кезінде;

- ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының айналысы мәселелері бойынша облыстық аумақтық инспекциялардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыстарын үйлестіру бойынша;

- мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздары мен өтініштерін қарау және жетекшілік ететін мәселелері бойынша жауаптар дайындау бойынша;

- мониторинг жүргізу және ветеринария саласындағы заңнамаға ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізу бойынша;

- Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;

- Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру бойынша.

3.4. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтайды

3.5. Өз құзыцретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

3.6. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемені жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.06.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.06.2023 – 15.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 2-кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945