ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы тамақ өнімдері қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 1 қарашаға дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Атырау облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Барлық көлік түрлерімен тасымалданатын - жануарларды, жануардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды және басқа бақылаудағы жүктерді импорттық, экспорттық, транзиттік және ішкі тасымалдау (орын алмастыру) кезінде мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асырады;

Импортталып жатқан бақылаудағы жүктерден ветеринариялық нормативтермен және азық қауіпсіздігімен талап етілетін олардың сәйкестігін анықтау мақсатында оларды зертханаға жіберу үшін сынаманы алуды (қажет болған жағдайда) жүргізеді;

Бақылаудағы жүктерді экспорттық, импорттық тасымалдау кезінде ветеринариялық закңнаманың анықталған бұзушылықтар туралы тікелей басшылыққа хабарлайды және табылған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады;

Үшінші елдерден бақылаудағы жүктерге ветеринариялық құжаттарды рәсімдейді;

Мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылаумен бақыланатын тасымалданатын жүктер бойынша есепті қабылдайды және құрастырады;

Бұйрықпен бекітілген, істерді қарастырады, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде хаттама жазады, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтары жөніндегі заңнамамен қарастырылған жағдайларда нұсқама береді және әкімшілік айыппұл салады;

ҚР «Ветеринария туралы» Заңымен белгіленген басқа функцияларды жүзеге асырады;

Бөлім басшысына белгіленген басқа да міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.06.2023 – 09.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБМВ

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945