Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Абай облысының жер ресурстарын басқару департаменті Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы, С-0-4 санаты, 1 бірлік (№01-2-1)
Абай облысының жер ресурстарын басқару департаменті
Абай облысы
298134
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Геодезия және картография
- Кадастр
- Бағалау
Функционалды міндеттер
Жер заңнамасы талаптарының сақталуы мәселелері бойынша заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдарға қатысты тексерулер жүргізу арқылы жердің пайдаланылуы мен қорғалуына, оның ішінде мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Мамандардың қызметін үйлестіреді және бағыттайды, олардың арасында тапсырмаларды бөледі, нақты құжаттардың орындалуын бақылайды.
Пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз дайындау және сот органдарына беру. Сондай-ақ Департамент құзыреті шеңберіндегі өзге де талап қоюлар.Сотта өкілдік ету. Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың немесе құқық қорғау органдарының назарына жеткізеді.
Сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
duzr_abai@mail.ru
- Абай облысы Семей қ., Посмакова к., 104, 2 қабат
-
телефон нөмірі: 8 (777) 521-22-72; 87(222)63-00-14