Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Сәулет және құрылыс
  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Жер заңнамасын сақтауға және орындауға бақылауды жүзеге асыруға; Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды бақылауды жүзеге асыруға облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтердің, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына; Облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығына; Облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты уақтылы орналастыруына мемлекеттік бақылау жүргізу; Жер саладағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуына және оның іске асырылуына қатысу; Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым және нұсқама беру; Қазақстан Республикасы жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді  қарау;  Ведомстволық құзыретті органдармен әкімшілік жауапкерлік бойынша істерді қарауға жататын ортақ тексерулерді жүргізу; Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге; Жер  заңдылығын бақылау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың, және ұйымдардың өтініштерін қарайды; Сот процесіне қатысуға.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.04.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.04.2023 – 19.04.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы 090000, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 47, 2 қабат, 6 бөлме.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7112) 307021