Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті Мал шаруашылығы өнімін қайта өндеу басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезеңіне 01.02.2023 ж. бастап 06.06.2023 ж. дейін), санаты C-4, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
272457
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Маркетинг
- Биотехнология
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Қаржы
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Салалық және секторалдық бағдарламаларды әзірлеу, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдарды уақтылы әрі сапалы орындау, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібі жағдайы мен дамуын мониторингілеу, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуын болжауды жүзеге асыру, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібінің отандық және әлемдік өндірісін, экспортын, импортына талдау жасау, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің түрлері бойынша өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелеріне талдау жасау, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу және құқықтық мониторинг жүргізу, елдің өнеркәсіптік қауіпсіздігін дамытуға, халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласын мемлекеттік қолдауға бағытталған шараларды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында бюджеттік өтінім мен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібі саласында бизнес-жаспарларға, инвестициялық жобаларға қорытындыларды әзірлеу, басшылық және жоғары тұрған ұйымдарға ақпарат дайындау, талдамалы ақпараттарды, сонымен қатар азаматтар сұрақтарына жауапты жинақтау және Ауыл шаруашылығы министрінің блогы мен бұқаралық ақпараттық құралдарға орналастыру, анықтамалар мен басқа да құжаттарды әзірлеу, Департамент құзыретіне кіретін Департаменттің, Министрліктің басшыларының тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.ca@minagri.gov.kz
- 14.04.2023
- Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-918