Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

258893

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бухгалтерлік есеп жүргізуді, Комитеттің орталық аппаратында республикалық бюджеттің атқарылуын, бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың атқарылуы бойынша жиынтық экономикалық талдау жүргізуді, қаржыландыруды ұйымдастыру және Комитет әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалардың атқарылуына талдау жүргізуді, Комитетті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, анықталған, негізделген және уақытылы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүргізу; материалдық және еңбек ресурстарын мақсатты, ұтымды пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету; Ведомстволық бағыныстағы мекемелерден бухгалтерлік, тоқсандық және жылдық есептерді қабылдау бойынша, орталық мемлекеттік органның белгіленген тәртібінде және мерзімінде жиынтық есеп-қисаптарды дайындау мен ұсыну; орталық мемлекеттік органның белгіленген тәртібінде және мерзімінде салық және статистикалық жылдық, тоқсандық және айлық есеп-қисаптарды дайындау мен ұсыну; Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу; құжаттарды уақытылы және дұрыс ресімдеуге, бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік қаражатты ұтымды жұмсауды, сондай-ақ ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтарды сақталуына бақылау жүргізу. Комитеттің орталық аппаратында, ведомстволық бағыныстағы мекемелерге түгендеу жүргізуге бақылау жасау және активтерді, МБП, материалдарды түгендеуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.04.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.04.2023 – 12.04.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы-8, 14 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172)74-08-83