Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы-өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы, санаты С-R-4, 1 бірлік, №18-10-03-2.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Қарағанды облысы
206734
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Биология
- Экология
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу; Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Блок А-4.
карантиндік объектілердің ошақтарын оқшаулау, жою және олардың таралуының алдын-алу бойынша мемлекеттік шаралар жүйесін жоспарлайды және ұйымдастыру; қызметі карантиндік өнімдерді дайындаумен, өндірумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты ұйымдардың, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен жеке және заңды тұлғалардың карантиндік ережелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру; өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындауға нұсқама шығарады және оның орындалысын бақылау; өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және фитосанитариялық, карантиндік сертификаттарды рәсімдеу; өсімдіктердің карантині жөніндегі ережеге және нұсқаулыққа сәйкес карантиндік бақылауды, тексеру мен сараптауды және карантинге жатқызылған өнімдерді, сондай-ақ, көлік құралдарын залалсыздандыруды бақылауды жүргізу; өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларды бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту; өсімдіктер карантині саласындағы іс-қағаздарды жүргізу; жұмыстың біліктілік талаптары мәселелері бойынша отандық және шетелдік тәжірибелерді оқып, үйрену.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kenzhebaeva.d@minagri.gov.kz
- Конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Қарағанды қаласы, Әліханов көшесі 11 А, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
(87172) 555-885,