"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаменті" РММ Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы, С-О-5 санаты, (индекс: ОГКЗИИОЗ-2), 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Сәулет
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Геодезия және картография
  • Құрылыс
  • Аграрлық техника және технология
  • Кадастр

Қосымша талаптар

экономика және менеджмент

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттері: Орындауға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын және қызметтік хаттарды қарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің ҚР жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің және әкімдерінің сауда-саттықты (аукциондарды) және конкурстарды уақтылы өткізу заңдылығына; Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына;  Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына; Жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуіне; Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман-мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;  Жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын және өндірістік объектілердің жобалануына, орналастырылуына және салынуына; Межелік белгілердің сақталуына; Бүлінген жерлердің рекультивациялануына; Жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына; Жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды және тексеру жұмыстарын жүргізеді. ҚР жер заңдарының бұзған кiнәлiлердi уақытында жауапқа тарту; Тексеру материалдарды сапалы дайындау; Сот инстанцияларына талап арыз дайындайды. Соттарда, апелляциялық және кассациялық сатыларда, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда департаменттің мүдделерін қорғау, азаматтық істерге қатысу; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады. Ақпараттық-талдау жұмыстарының және мониторинг нысандары мен әдістерін білу. Департаменттің мүддесін жер заңнамалары мәселелерін қарау кезінде сотта, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қорғау.

«А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.03.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.03.2023 – 29.03.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7282) 32-93-45