Қоғаммен байланыс департаменті Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

428566

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қоғамдық байланыс

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды және жұмысты үйлестіреді (PR-акцияларын, баспасөз конференцияларын, сұхбаттарды ұйымдастыру және өткізу); аграрлық саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға байланысты іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; бұқаралық ақпарат құралдарын Министрліктің қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауаптар дайындау; басқарманың шығыс құжаттамасын әзірлеу және орындау үшін келіп түскен хаттарды сарапшыларға жолдау; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау үшін Министрлік басшылығы өткізетін мәжілістер мен алқаларға қатысу; PR-акциялар, пресс-конференциялар, сұхбаттар, пресс-турлар ұйымдастыру; пресс-релиздер, тезистер, ақпараттық-анықтамалық материалдар, әртүрлі ақпараттық оқиғалар туралы негізгі хабарламалар дайындау; жылдық, тоқсандық және тақырыптық медиа-жоспарларды құру; мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қоғамдық кеңесінің жұмысын үйлестіру; Министрліктің веб-сайтын ақпараттық қолдау; Басқа мемлекеттік органдармен, Министрліктің аумақтық департаменттерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен жергілікті және орталық бұқаралық ақпарат құралдарының деңгейінде агроөнеркәсіптік саясатты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл; Жоғары басшылықтың басқа да тапсырыстарын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.03.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.03.2023 – 20.03.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 555-918