Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ұйғыр аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі бас маман-мемлекеттік инспекторы, санаты С-R-4, 1 бірлік, №18-4-07-2
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Агрономия
- Биотехнология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Блок А-4
Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Сенiм бiлдiрiлген аумақта қауiптi және аса қауiптi зиянды организмдермен күресу жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, ауданда өсiмдiктердi қорғау саласында фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады.
Әкімшілік істерді қарайды, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және қаулылар шығарады, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарады және айыппұл салады. Заңнамаға сәйкес бөлім басшылары белгілеген өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Титов көшесі 98
-
87172555885