Қаржы-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы- бас есепші Ауыл шаруашылық министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 25.12.2023ж дейін), С-О-4 санаты.
Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті
Маңғыстау облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық және экономика негіздері
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Маркетинг
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
- Бөлімде жалпы басшылықты жүзеге асыру, сондай-ақ бөлімнің жұмысын Департамент туралы Ережесімен бекітілген функционалдық міндеттерге сәйкес қатаң тәртіппен сақталуын қамтамасыз ету;
- Белгіленген ережелерге сәйкес қаржыландыру жоспары бойынша Департаменттің есебін жүргізу;
- Орталық және жергілікті атқарушы органдарының құзыретті органдарымен бірлесіп, тиісті кезеңге арналған республикалық, жергілікті бюджетті әзірлеу және атқаруға қатысу;
- Тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен бекітілген сомалар шегінде міндеттемелерді қабылдауды және екінші мен үшінші жылдардың жоспар кезеңдерінің базалық шығыстарын, белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістер есебімен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен сәйкес қаражаттардың жұмсалуын дұрыс, тиімді және орынды пайдалануды, сондай-ақ ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау;
- Арнайы қаржылар сметасы бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алу және бюджеттен тыс басқа да қаржылар бойынша операцияларды есепке алу;
- Бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілеріне жалақыны есептеу және мерзімінде төлеу;
- Ақшалай қаражаттарды, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу, түгендеудің нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте бейнелеу;
- Белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасау және табыс ету;
- Ұйым басшысымен қаржыландыру жоспарын және соған байланысты есептеулерді жасау және келісу;
- Активтердің және басқа да материалдық құндылықтардың сақталу және пайдаланылу жерлерінде сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
- Бастапқы құжаттарды, қағаз және электрондық тасығыштарда бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, есептілікті, есеп саясатын, есепке алу деректерін электрондық өңдеу бағдарламаларын, оларға есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу;
- Департамент тауарлар, жұмыстар және қызметтер жөніндегі қажеттілігінің жоспарын әзірлеп, бекіту;
- Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырлатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу;
- Мемлекеттік тапсырысты іске асыратын бюджеттік бағдарламалардың міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінімдер қалыптастыру және белгіленген тәртіппен міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу;
- Есеп және есеп беру мәселелері жөніндегі ережелерді, нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқауларды, бухгалтерлік қызметтің құзыретіне жататын басқа да нормативвтік құжаттарды жүйелі түрде есепке алу;
- Департамент үшін мемлекеттік сатып алу үрдісін жүргізу және бекітілген формада тоқсандық және жылдық есептер жасақтау;
- Бекітілген формада облыстық статистикалық органына еңбек және жалақы бойынша тоқсандық есепті, Қазынашылық органына төленуге жататын тауарлар (қызмет, жұмыстар) төлем шоттарын ұсынуға; Қызметкерлердің жалақыларының және міндетті зейнетақылық жарналарының, салықтар мен міндетті бюджеттік басқа да төлемдердің дұрыс есептелуін және уақытында аударылуын бақылау;
- Табыс, әлеуметтік және әлеуметтік шығындар бойынша жылдық және тоқсандық декларациялар мен есептерді жасақтау және салық органына табыстау;
- Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және оларды мұрағатқа тапсыру үшін бекітілген тәртіпке сәйкес жасақталуын қадағалау;
- Басшылық тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Маңғыстау облысы Ақтау қаласы 23 ш/а 41 ғимарат 111 кабинет
-
Осы конкурсқа қатысуға өтінімнің қабылданғанын растау үшін мына телефондарға хабарласыңыз:+7(775)314-99-11
8(7292) 31-91-18