Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы, C-O-6 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім.

Функционалды міндеттер

- Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмыстарды орындайды (негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, өнімді өндіру, сату шығындарын, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін есепке алу, көрсетілген қызметтер үшін жеткізушілермен және Тапсырыс берушілермен есеп айырысу);

- Бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау мен бақылауды жүзеге асырады және оларды есептік өңдеуге дайындайды;

- Бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетеді;

- Салық және басқа да міндеттемелер туралы заңнамаға сәйкес салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді, зейнетақы аударымдары мен төлемдерді, күрделі салымдарды, қызметкерлердің жалақысын қаржыландыруға арналған қаражатты есептеуді және аударуды жүргізеді;

-Ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге, ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады;

- Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректерді дайындайды;

- Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды;

- Бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.02.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.02.2023 – 20.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945