Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Функционалды міндеттер

    Ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Облыс аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру бойынша іс-шараларға ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Ветеринариялық мекемелер тарапынан жануарлар ауруларының алдын-алу,болдырмау, жоюға бағытталған және ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларының профилактикасы, диагностикасы мен емдеу шараларына  ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) барысындағы алыс-беріс актілерін жасақтау, комитетке жолдау. Облыс бойынша эпизоотиялық мониторинг мәліметтерін дайындау; Тиісті әкімшілік бірліктегі ветеринариялық іс-шараларды жоспарлаудағы келісім құжаттарын дайындау. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және АШЖБ базасын жүргізуді қадағалау, облыс бойынша мәліметті дайындау. Статистика уәкілетті органынан алынған ақпараттар жиынтығын талдап  алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың немесе жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын белгілейтін арнайы комиссияға құжаттарды дайындау. Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының күдігі туғанда және пайда болғандағы жедел хабарламаларды жолдау. Диагностикалық зерттеулеулерге сынамаларды алу барысына ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, мәліметтерді дайындау. Мал қорымдары мен стационарлық қолайсыз пункттер бойынша мәліметтер жасақтау; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сай әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және әкімшілік құқық бұзушылық шараларын қолдану. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 08.02.2023

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    09.02.2023 – 13.02.2023
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу
    Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20МВМВ

    Сұхбаттасу орны

    Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

    Анықтама алу үшін байланыс

    8(7172) 555-945