Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және орны ауыстырылатын объектілер бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 5 қарашаға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

ҚР АШМ-нің бұйрықтарын, ҚР АШМ ВБжҚК-нің, облыстық мекемелердің, облыстық аумақтық инспекция басшысы бұйрықтары мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы  мерзімінде  заң аясында жауап беру;

ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.07.2016 жылғы №336 бірлескен бекітілген бұйрығына сәйкес,  «Кедендік рәсімдеу орталығында және Халықаралық көлік-логистикалық орталықтары арқылы  өткізілген  ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы тауарлардың экспорттық  құжаттарының рәсімделуіне бақылау жүргізу; 

Үшінші елдерден, ЕО  елдерінен орны ауыстырылатын ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы импорттық тауарлар құжаттарының  қайта рәсімделуін жүргізу;

«Қорқыт Ата» әуе жайы  бекетінде, әуе жай көлігімен тасымалданған ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалаудағы тауарларға  физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу; Атқарылған жұмыстардың апталық, айлық, тоқсандық, жылдық есептерін   Тамақ өнімдері және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер қауіпсіздігі бөліміне ұсыну.

Бөлімнің құжаттарын «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың тәртібі туралы нұсқаулығына» сәйкес  жүргізеді, рәсімдейді және қалыптастырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.02.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.02.2023 – 13.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МВМВ

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-945