Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (заңгер), санаты С-О-5, 1 бірлік, №18-17.3-4.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Ұлытау облысы
206734
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3) стратегиялық құжаттарды білу;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок В-4) Мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты құжаттарды рәсімдеу; жеке істерді жүргізу және сақтау, қызметтік тізімдерге қажетті жазбаларды енгізу; сыйақы төлеу, қаржылай көмек көрсету және лауазымдық жәрдемақыға үстемақы орнату сонымен қатар еңбек өтілінің есебі бойынша мәселелерді қарастыру бойынша комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру; тоқсан сайынғы ҚМИ жетуге талдау жүргізуді бақылау; «Е-Қызмет» АЖ мемлекеттік қызметшілердін жұмысын сүйемелдеу; мемлекеттік қызметшілердің міндетті арнайы тексерістен өтуін ұйымдастыру; еңбек өтілін анықтау үшін материалдар дайындау; кадрлар жай-күйінің мониторингі жөніндегі есептер дайындау; табельдік есепке алуды ұйымдастыру; аумақтық бөлімшелердің құрылымын әзірлеу; әскери міндеттілерді әскери есепке алуды жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау оқудан өтуін ұйымдастыру; тағайындау, қабылдау және кезекті еңбек демалысы туралы бұйрықтарды рәсімдеу мен тіркеу; кадр мәселелері бойынша есептерді қалыптастыру мен жинау, талдау. Заңнамаларға сәйкес бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Жезқазған улица Бульвар Ғарышкерлер 15
-
87172555-885