1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, санаты С-О-5, 1 бірлік, № 18-19.2-4.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

206734

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттері (Блок Б-4):

Еңбек тәртібінің сақталуын қадағалау, уақыт кестесін жүргізу. «Е-Қызмет» АЖ-да мемлекеттік қызметшілердің жұмысын қолдау. Аумақтық инспекциялар қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу, еңбек кітапшаларын, еңбек кітапшаларын толтыру. Сыйақыларды қарау, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу, сондай-ақ еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Респулбикасы Ауыл шаруашылығы министрілігінің Алматы қаласындағы ведомствалық мұрағатының жұмысын ұйымдастыру; Ведомствалық мұрағатты жиынтықтылау, мұрағат қорын жүйелеу; Министрліктің тапсырмалары бойынша тақырыптық сұраныстарын орындау, құқықтық әлеуметтік сипаттағы сұраныстарға жауап дайындау; Мұрағат ісі жіне құжаттама сұрақтары бойынша ҚР АШМ жүйесіндегі ведомствалық бағыныстағы ұйымдармен методикалық және кеңес беруді өткізу жұмыстарын ұйымдастыру; Нормативті-методиқалық құжаттарды әзірлеуге қатысу; ҚР ОММ және ҚР АШМ инспекциясының сараптама комиссиясына қатысу; ҚР АШМ ұйымдардың қайта ұйымдастыру бойынша тарихи анықтамаларды жасайды; Азаматтардың өтінішін қарау; Мұрағат қорларын жүйелеу жұмыстарын ұйымдастыру, мұрағат қорларының тізімдерін дайындайды; Инспекцияның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттарын сақтау ұшін қабыдау; Мұрағат құжаттардың ғылыми- техниқалық өндеуін жасайды; Ақпаратты іздестіру жұмыстарын жүргізеді; ҚР ОММ қорлары тізім бағдарламасымен жұмыс істейді; Инспекция құқықтық жұмыстар жүргізу, құқықтық сабағын өткізу; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.01.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.01.2023 – 07.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

г. Алматы, ул. Макатаева, 15

Анықтама алу үшін байланыс

87172 555-885