Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті" РММ Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспектор, С-О-4 санаты, 1 бірлік (4.1-1)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-4 (Кеден бекеті басшысының орынбасары)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Құқық
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Геодезия және картография
  • Аграрлық техника және технология
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмыстарын ұйымдастыру. Жер заңнамаларын сақтауға бақылау жасауды ұйымдастыру. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына бақылауды жүргізу. Жер заңнамалары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелеріндегі заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау. Жер заңнамаларын сақтау мәселелері жөнінде тексеру жұмыстарын ұйымдастыру. Аумақтық органдармен өзара жұмыс істеу. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау. Жер телімдерінің иелері мен пайдаланушылардың жер заңнамаларын сақтауына, олардың нысаналы мақсатына сәйкестігіне, жер телімдерін өз бетінше иеленуге жол бермеуге, уақытша берілген жер тілемдерінің уақытында қайтарылуына, жер заңнамаларын бұзуды жоюға бақылау жасап, тексеру жүргізу. Департаменттің перспективті және ағымдағы жоспарларын әзірлеу; Департаменттің құзыретіне енетін мәселелер бойынша істердің жағдайына жүйелі түрде талдау жасау; жұмысты жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды басшылыққа әзірлеу; Департаменттің қызметіне тікелей қатысты әдістемелерді, нұсқамалық материалдарды әзірлеу және оларды тәжірибелік қолданысқа енгізу үшін шараларды жүзеге асыру. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы есеп дайындау.  Өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұру шараларын ұйымдастыру.  Бүлінген жерлерді қалпына келтірілу жұмыстарын ұйымдастыру. Жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру. Жер телімдерінің меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне бақылау жасау. Жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердің тозуын туғызатын басқа да процестердің салдарын болғызбау мен жою жөніндегі іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру. Жер кадастры мен геодезиялық бақылауды жүргізуді ұйымдастыруға бақылау жасау. Бөлім жұмысында заңнаманың сақталуын және оның құқықтық құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді, сот инстанцияларына талап арыз

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.01.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.01.2023 – 31.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 мг

Сұхбаттасу орны

Қонаев қаласы, Койчуманов көшесі, №4 а

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-08-83