Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті Қаржы құралдары басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 5 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

272457

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Агроөнеркәсіптік кешендегі жаңа қаржы құралдарын құру және қолданыстағыларын жетілдіру, олардың тиімділігін арттыру, тиімділігін арттыру және салық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуді субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру, оның іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру; АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру іс-шараларын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру, ; агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру, облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жөніндегі жұмысты үйлестіру, оның іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру; инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын әзірлеу; «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кредиттік/лизингтік қызметін ұйымдастыруды үйлестіру; Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және Министр бұйрықтарының жобаларын әзірлеу; Басқарма құзыреті шегінде іске асырылатын Агроөнеркәсіптік кешендегі бюджеттік бағдарламаларды әкімшілендіру; агроөнеркәсіптік секторда бағдарламалық құжаттарды әзірлеу; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеу және келісу; құзыреті шегінде Басқарма, Департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.01.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.01.2023 – 25.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 555-918