«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік инспектор, 2 бірлік

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құрылыс
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына, оның ішінде облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылданған шешімдерінің заңдылығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушыларға уақтылы шаралар қабылдау, нұсқамалардың нақты орындалуына бақылау жүргізу.Жүргізілетін тексерулердің материалдарын объективті дайындау.Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.Айыппұлдарды мәжбүрлеп өтеуге материалдарды уақтылы даярлау және  жолдау.Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚСжАЕКБ, әскери, көлік прокуратураларымен жұмыс-тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу, әкімшілік істерді журналдарда тіркеу, тіркелген нұсқамалар мен 1-АП нысанды жіберілген карточкалар бойынша тоқсан сайынғы және жылдық салыстырулар жүргізу; әкімшілік деректер банкін (ӘҚББТ) жүргізу. 1-Жер  нысаны бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық есептерді қосымшаларымен бірге ҚР ЖРБ  комитетіне және басқа да есептілік нысандарын дайындау және тапсыру. Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға міндетті.Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтау және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеу. Өз құзыреті шегінде жер заңнамасын орындауға байланысты осы мекеменің басшылығының өзге тапсырмаларын орындайды. А блогі

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.01.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.01.2023 – 25.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 Мб

Сұхбаттасу орны

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Интернациональная көшесі 70, каб 51

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефон нөмірі: 8(715-2)50-43-56