Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

428566

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

    2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

    Функционалды міндеттер

    Басқарма қызметін жалпы үйлестіруді жүзеге асырады; Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі нормативтік актілерді әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру; Азаматтардың министрлікке келіп түскен өтініштері бойынша талдау жүргізу бойынша, сондай-ақ өтініш берушілер Министрліктің салалық құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп олар бойынша тиісті пәрменді шаралар қабылдай отырып азаматтардың өтініштерінде көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру; Жоғары ықтималдылығы бар азаматтардың өтініштерін анықтау мақсатында ішкі талдауды, бақылауды және мониторингті жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Жоғары тұрған мемлекеттік органдарға өтініштерді қарау мониторингі мен бақылау қорытындылары туралы ақпарат беру бойынша, сондай-ақ жүйелі проблемаларады жою жөніндегі шараларды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру; Министрлікке келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауды бақылау мен мониторингті жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Өтініштермен жұмыс істеудің екі базалық бағыты бойынша жобалау тобы бойынша жұмысты ұйымдастыру: жоба «Нәтиже» және «Жүйелік шешімдер», мұнда жалпы қағидаттар есепке алуды ұйымдастыру, өтініштерді талдау, ақпараттық жүйенің мүмкіндіктерін пайдалана отырып жүйелік проблемаларады анықтау болып табылады; Азаматтардың келіп түскен өтініштерін «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдамалық жүйесінде тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру, өтініштерді есепке алуды жүргізу, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде басшылыққа және оның жедел өтуі бойынша құжаттарды жеткізу және тарату бойынша жұмысты ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің  тапсырмаларын орындау мониторингі бойынша жұмысты ұйымдастыру.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 09.01.2023

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    10.01.2023 – 12.01.2023
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (71 72) 555-918