Заң қызметі департаменті Құқықтық-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
185713
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органымен бекітілген «Б» корпусының тиісті санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Мынадай қызметтерді жүзеге асыру:
- шарттардың және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;
- құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу;
- соттарда, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Министрліктің мүддесін білдіру;
- заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету;
- тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Министрліктің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Министрліктің қызметінде туындаған құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындау;
- комиссия және жұмыс топтарына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша;
- Министрліктің негізгі қызметіне қатысты сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;
- құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен хат алмасу;
- Министрліктің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Министрліктің атынан түсіндірмелер беру;
- жұмыс берушінің актілеріне сараптама жүргізу;
- Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-918