Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 19 қаңтарға дейін)

Мемлекеттік орган

Аумақтық инспекция

Аймақ

Павлодар облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Функционалды міндеттер

1) жұмыстар, қызметтер және тауарларды жеткізушілермен өзара есептесулердің салыстырылуын жүргізу;

2) Түгендеуге қатысу, жою актілерін құрастыру дұрыстығын тексеру, мемлекеттік сатып алулар жоспарын жасау үшін бағалар нарығының мониторингтеу;

3) Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

4) жұмыс орнында сыпайы әрі ізгі ахуалды қолдау;

5) Тікелей басшының және мекеме басшысының өкімдері мен бұйрықтарын орындау;

6) құрылымдық бөлімшелердегі активтер, материалдық емес активтер, МБП және өзге құндылықтар жағдайына бақылау жасау және тауар-материалдық құндылықтар орналасқан орынға шығу жолымен тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткізушілерімен салыстыру актілерін құрастыру ;  

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша құрылымдық бөлімшелермен ұсынылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер номенклатурасының негізінде Мемлекеттік сатып алулар жылдық жоспарының жобасын, сондай-ақ оған өзгерістер мен (не) толықтырулар құрастыру;

8) Мемлекеттік сатып алулар жылдық жоспарын, сондай-ақ оған өзгерістер мен (не) толықтыруларды бекіту туралы бұйрықтың жобасын әзірлеп, бекітілуін қамтамасыз ету;

9) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының негізінде жеткізушінің ең төмен бағасымен регламенттелетін, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуларды ресімдеу және олармен бюджеттік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік сатып алулар туралы шарттар жасасу;

10) Жеткізушіні таңдауды және олармен бюджеттік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік сатып алулар туралы шарттар жасасуды регламенттейтін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес тікелей шарт жасасып, бір көзден сатып алу жолымен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуларды ресімдеу;

11) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңы 39-бабының 3-тармағына сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алулар туралы заңдылыққа сәйкестікке шарттық міндеттемелерді атқару жөніндегі құжаттарды тексеріп, қарар қою;

12) Бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар бойынша есеп берушіліктің белгіленген тәртіптегі мониторингін жүргізу, ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.01.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.01.2023 – 16.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945