Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

C-4 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

 

Функционалды міндеттер

Басқарманың бас сарапшысы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

2) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шараларды бекітеді, ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

3) 142 «Дәрілік заттар мен өзге де медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу» ерекшелігі бойынша 101 «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар, жануарлардың жіті және созылмалы инфекциялық ауруларының ошақтарын жою» кіші бағдарламасы бойынша 249 «Мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, өткізу үшін жағдайлар жасау» бюджеттік бағдарламасының шығыстарын әзірлейді және келіседі;

4) жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлейді және келіседі;

5) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоса алғанда, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бөледі және бақылайды;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды республикалық меншіктен ЖАО коммуналдық меншігіне беру рәсімдерін жүзеге асыруды ұйымдастырады;

7) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынатын ветеринариялық препараттардың уақтылы жеткізілуіне бақылауды жүзеге асырады;

8) ветеринариялық препараттарды жеткізу актілерінің ресімделуін бақылауды жүзеге асырады;

9) уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген, жануарлардың аса қауіпті ауруларына профилактикалық іс-шаралар үшін пайдаланылатын ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастырады және бөледі;

10) ветеринариялық препараттарды сақтау қоймаларының мониторингін жүзеге асырады («Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ скалдтары, уақытша сақтау қоймалары – франко-қоймалар);

11) өз құзыреті шегінде ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен және ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

12) Басқарманың құзыреті шегінде азаматтардан және барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдардан келіп түскен өтініштерді, өтініштерді, шағымдарды қарайды, Комитет басшылығына олар бойынша шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар дайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде өтініш берушілерге жауаптар жібереді;

13) құжаттардың, оның ішінде Басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттарының сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

15) ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

16) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

17) Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

18) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастырады;

19) электрондық ақпараттық ресурстарды толықтыруды жүзеге асырады, олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді;

20) ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және халықаралық шарттарды әзірлеу кезінде Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;

21) Басқарманың құзыретіне кіретін ынтымақтастық мәселелері бойынша материалдар дайындауды, шет елдердің және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен келіссөздерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысуды жүзеге асырады;

22) Басқарманың құзыреті шегінде кеңестерге, отырыстарға және алқаларға презентациялық материалдарды дайындауға қатысады;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

24) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.01.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.01.2023 – 10.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 2, оффлайн өтеді

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-945