Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы, C-O-5 (уақытша, негізгі қызметкердің демалысы мерзіміне 2023 жылғы 24 мамырға дейін)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Алматы қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Мемлекет аралық және республика ішінде тасымалданатын жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды және басқа да мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын жүктерді, көліктің барлық түрлерінде және багаж бен қол жүкте ветеринариялық –санитариялық бақылау және қадағалауды қамтамасыз етеді.
-өз кезекшілігі кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын келіп түскен жүктердің импорты, экспорты, транзиті туралы ақпаратты және тексеру актісін толтырып, бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі (БАБЖ) бағдарламасына енгізеді.
-жануарлар мен адамдарға ортақ аса қауіпті жұқпалы аурулардың және басқа дааурулардың кіруін және таралуын алдын алу мақсатында , соттың шешімінсіз орны ауыстырылатын нысандардың қызметін тиым салуға және тоқтата тұруға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады.
-Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларының талаптары бұзылған жағдайда жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жазаға тартады және ветеринария саласында қолданылатын әкімшілік айыппұлын ӘҚБР (Әкімшілік құқық бұзушылық біріңғай тізілімі) жүйесіне енгізілуін қамтамасыз ету;
-бақылауға жататын жүктердің өту бекетінде (қабылдау орнында, жеткізу кезінде) толық тексеру жасап, экспорттау елінің ветеринариялық сертификатын кеден одағының ветеринариялық сертификатына қайта рәсімдеу және бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі (БАБЖ) бағдарламасына енгізеді;
-өз құзіреті шегінде ветеринариялық ақпараттарды уақытында дайындап, бөлім басшысына ұсынады;
-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын жүктерді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды тасымалдау кезінде вагондардың өңдеу дәрежесін анықтап, ветеринариялық-санитариялық өңдеу актісін береді;
-мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүзеге асырады;
-ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп жүреді;
-бекеттің ішкі жұмыс тәртібін сақтайды;.
-іс-қағаздарын бекітілген істер номенклатурасына сәйкес жүргізеді;
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыз, шағымдарын, ұсыныстарын объективті, жан-жақты, уақытында қаралуын қамтамасыз ету және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі»
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Кодексіне сәйкес «Е-өтініш» жүйесінде толық және дәлелді жауап берілуіне жеке жауапкершілікте болу.
-Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларға сәйкес басқа да міндеттер мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8(7172) 555-945