Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің жетекші маманы, санаты C-О-6, 1 бірлік, № 18-12.2-9.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Аграрлық техника және технология
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок А-4) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды  жүзеге асыру; өсімдіктер карантині саласындағы заң бұзушылықтар анықталған жағдайларда әкімшілік жауапкершілікке тартады; карантиндік объектілерге қарсы жүргізілген мониторинг және химиялық өңдеу жұмыстарын бақылау, қадағалау; карантинге жатқызылған өнім объектілерін тексеріп қарау, қарап тексеру, бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізу; аудандық және қалалық аумақтық инспекцияларының мемлекеттік қызмет көрсету бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі (БАБЖ) арқылы берулерін бақылау; мемлекеттік қызметтер көрсетеді; әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар толтырады; осы санаттағы бекітілген лауазымдық нұсқаулығына сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.12.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.12.2022 – 29.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Қызылорда қаласы, Бейбарыс-Сұлтан көшесі, 30Г, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885