Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-есепші С-О-5 санаты № 18-16.3-2.

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок В-4) Инспекцияның мемлекеттік қызметшілеріне мамандарына және келісім шарт негізінде жұмыс жасаушыларға жалақы есептеу, кезекті демалыс, еңбекке жарамсыз парқтарын жасау. Төлемдер туралы шешімдер қабылдау және дайындау. Инспекция қызметкерлерінің әлеуметтік төлемдерін есептеу, әр тоқсан сайын салық комитетіне зейнетақы қоры, табыс салығы және әлеуметтік салық, әлеуметтік сақтандыру қорына  аударылған әлеуметтік соманың есебін тапсыру. Әр тоқсан сайын салық комитетімен есептесу актісін жасау. Ай сайын № 11 мемориалдық ордерін жасау; айма-ай, тоқсан сайын, жыл сайын статистикалық басқармаға еңбек туралы есеп беру. Қызметкерлердің іс-сапарға шығуын және келуін тіркеу. Аванстық есеп қабылдау, іс-сапар шығынын есептеу, іс- сапар шығынына төлем ведомостарын жазу. Лауазымдық міндеттің орындалмауына жауап беру, жүктелінген міндетті өз уақытында сапалы орындалуын және бухгалтерлік есептерді мерзімінен кешіктірмеу. Жалақы жөніндегі есеп айырысу ведомостарының жинағын жасау. Ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомостін жасау.Жоспарлы төлемдер ретінде есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомостін жасау. Есепті тұлғалармен есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомостін жасау. Активтердің босатылуы және ауыстырылуы жөніндегі жинақтаушы ведомостін жасау. Бағасы төмен және тез тозатын заттарды босату және ауыстыру жөніндегі жинақтаушы ведомостін жасау. Материалдарды жұмсау жөніндегі жинақтаушы ведомостін жасау. Бюджет қаржысын бөлу туралы құжаттарды дайындау және ұсыну. Рұқсат беру құжаттарын беру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.12.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.12.2022 – 28.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Түркістан қаласы, Жаңа қала м/а, 32 көше, 16 ғимарат, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885