Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты № 18-16.3-5.

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок В-4) Құжаттармен қамтамасыз ету жөніндегі бас маманы бөлім басшысының тапсырмаларын орындайды. Аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық жоспарларын жинақтайды. Шығыс хаттарды адресаттарға уақтылы жету үшін адрестердің  дұрыс толтырылуын тексеріп, көрсетілген адресаттарға жіберуді қамтамасыз етеді. Облыстық аумақтық инспекциясында, аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларда қолданыстағы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуы мен іс жүзіне асырылуын бақылайды. ҚР АШМ-нен, департаменттерден, агенттіктерден, мекемелерден, аудандық, қалалық аумақтық инспекциялардан келіп түскен құжаттар мен бұйрықтардың, қаулылардың, шешімдердің, нұсқаулардың, жұмыс жоспарларының өз мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету үшін кіріс журналына орындалуы туралы белгі соғуды іске асырады. Аудандық, қалалық аумақтық инспекциялардан келіп түскен құжаттар мен бұйрықтардың, қаулылардың, шешімдердің, нұсқаулардың, жұмыс жоспарларының өз мерзімінде орындалуы туралы мәлімет талап етіп, келіп түскен құжаттардың орындалуына есеп жүргізіп, бөлім басшысына уақтылы есеп беріп отырады. Облыстық және аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларындағы құжаттармен қамтамасыз ету  мәселелер жөніндегі жұмыстарына талдау жасайды. Облыстық және аудандық, қалалық  аумақтық инспекцияларының жалпыға бірдей құқықтық оқуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына арналған оқу жоспарын ұйымдастырады және оларды жүзеге асыруға қатысып, олардың орындалуын бақылап отырады. Комитетке инспекцияның құқықтық жұмысы туралы есебін дайындайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі дөңгелек үстөлдерді ұйымдастырады, қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларының қорытынды есептерін облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшыларынан жинақтап алады. Инспекция бөлімдерінің, қалалық, аудандық  аумақтық инспекцияларының  атқарылған жұмыстары бойынша есептерін жинақтайды. Инспекцияда өткізілетін салтанатты іс-шаралардың ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.Инспекцияда өткізілетін жиналыстарының хаттамаларын жазады. Тиісті хаттарға жауап береді.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.12.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.12.2022 – 22.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Түркістан қаласы, Жаңа қала м/а, 32 көше, 16 ғимарат, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885