Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, (бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің демалыс кезеңіне 13.11.2023 ж. дейін), санаты С-5, 1 бірлік, № 18-8-6.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
  • Агрономия
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; Стратегиялық құжаттарды білу; Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок В-4)

Директивалық құжаттарды мемлекеттік тілде орындау; директивалық құжаттардың орындалуын бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру; электрондық ішкі құжат айналымының жұмысын ұйымдастыру; әскери міндеттілердің әскери есебін жүргізу; Министрліктің сайтында хабарландыруларды жариялау; Комитет қызметкерлерінің жеке істерін ресімдеу; Басқарманың мұрағаттық іс қағаздарын жүргізу; табельдік есепті ұйымдастыру; құжаттарды одан әрі сақтау, ведомстволық мұрағатта есепке алу және пайдалану мақсатында оларды өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; уәкілетті органдармен келісу және істер номенклатурасын қалыптастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.12.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.12.2022 – 28.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Астана қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 13 кіреберіс, мекен жайы бойынша өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172-555-885