Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспектор, С-О-5 санаты, 1 бірлік.
Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті
Маңғыстау облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Өнер
- Геология
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Экология
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Геодезия және картография
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Кадастр
- Бағалау
Функционалды міндеттер
Департамент атынан тиісті әкімшілік аумақтық басқару аймағында тексерулер өткізу; Маңғыстау облысы аумағында жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу; Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне, жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына, жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізу; Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға: 1.Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасау; 2.Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар дайындау; Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарына жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беру; Өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар дайындау, табыстау; Мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою мәселелері бойынша сотқа талап қоюды дайындауға және беруге; Азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы, сапалы жауап беру; Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық сервисінде жұмыстар жүргізу (ЕРСОП), сонымен қатар лауазымдық нұсқаулықта белгіленген өзге де міндеттерді орындау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Мангистауская область, город Актау, 23 микрорайон, 41 здание
-
87753149911