"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаменті" РММ Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспекторы С-О-4 санаты, (индекс: 8.1-1), 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Геодезия және картография
  • Аграрлық техника және технология
  • Кадастр

Қосымша талаптар

Білімі:  Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қызметтер (кадастр және/немесе жерге орналастыру); бизнес, басқару және құқық (құқықтану және/немесе құқық); ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия және/немесе аграрлық техникасы мен технологиясы); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (геодезия және картография)

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмыстарын ұйымдастыру. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің ҚР жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығына; Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына; Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына; Жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуіне; Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуына; Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман-мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне; Жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын және өндірістік объектілердің жобалануына, орналастырылуына және салынуына; Межелік белгілердің сақталуына; Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері уақытша жер пайдалануға берген жерлердің уақтылы қайтарылуына; Бүлінген жерлердің рекультивациялануына; Жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына; Жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды  және тексеру жұмыстарын жүргізеді. ҚР жер заңдарының бұзған кiнәлiлердi уақытында жауапқа тарту; Тексеру материалдарды сапалы дайындау. Бөлім жұмысында заңнаманың сақталуын және оның құқықтық құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді, сот инстанцияларына талап арыз дайындайды. Соттарда, апелляциялық және кассациялық сатыларда, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда департаменттің мүдделерін қорғау, азаматтық істерге қатысу; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады. Ақпараттық–талдау жұмыстарының және мониторинг нысандары мен әдістерін білу. Департаменттің мүддесін жер заңнамалары мәселелерін қарау кезінде сотта, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қорғау. Бағынышты қызметкерлерге бақылау жасай білу. Департамент басшылығының басқа да  өкілеттіктерін жүзеге асыру. Word,   Excel, E-mail,  Internet, «Электрондық Үкімет»    бағдарламаларымен    компьютерде    жұмыс    істей    білу, іс қағаздарын жүргізудің негіздерін, мемлекеттік тілді білу.

«А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.12.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.12.2022 – 19.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7282) 32-93-45