Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, №18-8.3-4.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Құқықтану
  • Экономика

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок В-4) Мемлекеттік қызметшілерге қатысты бұйрықтарды әзірлеу. Қызметкерлердің жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізу, басшыға уақытында бекітуге ұсыну. Инспекцияның құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік және еңбек тәртібінің,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарының, инспекция регламенті және ішкі еңбек тәртібінің  сақталуын қадағалау. Көтермелеу, сыйақы, үстемақы белгілеу, материалдық көмек көрсету мәселелерді ұйымдастыру жөніндегі комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру. Тоқсан сайынғы мониторингін жүргізуді бақылау. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты кадрлық есептіліктерді, іс қағаздарын «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен сапалы атқаруды жүзеге асыру, еңбек кітапшаларына тиісті жазбаларды дер кезінде енгізу. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жеке істерімен,  іс қағаздарымен, құжаттарымен жұмыс жасау, персоналмен жұмыс бойынша басқа да тиісті жұмыстар атқару. Біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарына уақытылы өту бойынша жұмыстарды жүргізу. Құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілердің жеке жұмыс жоспарларын уақытылы әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.12.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.12.2022 – 09.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

г. Талдыкорган, ул. Болашақ,1

Анықтама алу үшін байланыс

87172 555-885