Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, №18-8.3-3.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок В-4) Құжаттардың дұрыс рәсімделуін және жасалатын операциялардың заңдылығын, Қазақстан Республикасында қолданылатын бухгалтерлік есеп бойынша нормативтер мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Еңбекақыны ай сайын есептеу. «Еңбекақы бойынша есеп айырысу ведомостарының жиынтығы» № 5 мемориалдық ордерді рәсімдеу. Мемлекеттік мекемеге келіп түсетін алименттерді өндіріп алу туралы атқару парақтарын және басқа да парақтарды есепке алуды жүргізу және тіркеу («Алименттерді өндіріп алу туралы атқару парақтарын есепке алу кітабы» 437н.), сондай-ақ ұстап қалу мөлшерінің есебін жүргізу. Атқару парақтары бойынша есептерді уақтылы жүргізеді, сондай-ақ атқару парақтарын белгіленген мерзімде сот орындаушыларына уақтылы қайтаруды қамтамасыз етеді. Еңбекақыға қатысты салық және статистикалық есептілікті жасау және уақтылы (заңнамада белгіленген мерзімдерге сәйкес) есеп беру. «Мемлекеттік мекемелердің кодтарындағы ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі жинақтау ведомосі» №№2-3 мемориалдық ордерлерін жүргізу. Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысуларды уақтылы жүргізу және «Есеп беруге жауапты тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі» № 8 мемориалдық ордерді жасау. ҚР АШМ АӨК МИК-не 4-20-нысанды ұсына отырып, барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын игеру бойынша апта сайынғы және ай сайынғы жиынтық ақпаратты дайындайды, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешек туралы жиынтық ақпарат жасайды. Белгіленген статистикалық есептілікті және салық есептілікті уақытында ұсынады. Өз құзіреті шегінде ҚР АШМ АӨК МИК-тен және басқа да мекемелерден келіп түскен хат-хабарларға жауап дайындайды; Барлық қосымшаларымен бөлім бастығына уақытында (әр айдың басында, есептіліктен кейінгі, 5-не дейін) мемориалдық ордерлерді ұсынады. Бюджеттік өтінімге және жұмыс ерекшеліктері бойынша жылжуға есептеулер жасау. Алғашқы құжаттардың, қағаз және электрондық таратушыдағы бухгалтерлік есептілік тізбелерінің, есептіліктер, есептік саясат, есептік мәлеметтердің электрондық өңдеу бағдарламасын және оларға арналған есептеулерді, өзге де құжаттарды сақтайды, сондай-ақ белгіленген заңнама тәртібінде оларды аврхивке тапсырады; Бөлім басшысының жедел тапсырмаларын уақытында орындайды. Ішкі еңбек тәртібін сақтайды. Ақпараттық жүйелердік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ішкі талаптарды сақтау және орындау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыға бағытталған, шараларды қабылдау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- г. Талдыкорган, ул. Болашақ,1
-
87172 555-885