Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы тамақ өнімдері қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Аумақтық инспекция

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Функционалды міндеттер

 3.1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бағалау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық  инспекция басшысына,  оның орынбасарына және бөлім басшысына  атқарылған жұмысы бойынша талдау жасап, есеп береді.

3.2. Міндеттелген есептерді уақытылы және сапалы тапсыруға.

3.3. Ветеринариялық-санитариялық бақылау  және  қадағалауға жататын   ішкі сауда  орындарында қауіпті тағам өнімдерінің  сатылуын анықтау   және жол бермеу  мақсатында    ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалау мен мониторинг жасауды қадағалайды.                                          

3.4. Жануарларды өсіру, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіру, дайындау (сою), сақтау,өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда және азық  және  азық  қоспаларын өндірушілерді қоса алғанда, ішкі сауда обьектілерінде және өндіріс обьектілерінде мемлекеттік ветеринариялық бақылауды және қадағалауға мониторинг жасауды қадағалайды.                                          

3.5.  Кеден одағының кеден аумағына әкелінген, сонымен бірге кеден одағына мүше мемлекеттің біреуінің   аумағына  кеден  одағына  басқа  мүше  мемлекеттің   аумағына   тасымалданатын ветеринариялық бақылауға және қадағалауға жататын Тауарлардың бірыңғай тізіміне енгізілген тауарларды  өндіруді,  қайта өндеуді   және   сақтауды  жүргізетін    ұйымдарға   мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады.                                        

3.6. Басқа   мемлекеттерден       жануарлардың жұқпалы  ауру  қоздырушыларының   Республика аумағына  енуі   мен   таралуынан     қорғауға   бағытталған   шараларды   іске асырады;

3.7. Экспорт, Республика  ішіндегі  тасымалдауларда мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді бақылауды іске асыру   және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетіне ақпарат береді;

3.8. Қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларының сұраныстары бойынша берілген №1,2,3 нысандағы ветеринариялық сертификаттар туралы  ай сайын ақпаратты жинақтап, есеп беруі;

          3.9. Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін қадағалау.  

         3.10. Жануарлардан алынатын өнімдердің көлемі    жөніндегі ақпаратты   жинақтап Қазақстан Республикасы     Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетіне ай сайын есеп береді.

         3.11. Батыс Қазақстан облысы бойынша экспортталған қадағалауға жататын жүктер туралы ақпарат (ЭКСПОРТ  1 нысан 2)  айлық есеп.

         3.12. «Батыс  Қазақстан облысы бойынша экспортталған қадағалауға жататын жүктер туралы ақпарат (ЭКСПОРТ  2 нысан 2)  айлық есеп.

         3.13. Батыс  Қазақстан облысы бойынша экспортталған қадағалауға жататын жүктер туралы ақпарат (ЭКСПОРТ 3 нысан 3)  айлық есеп.

         3.14. Батыс  Қазақстан облысы бойынша экспортталған қадағалауға жататын жүктер туралы ақпарат (ЭКСПОРТ 2 нысан 4)  айлық есеп.

         3.15.  Батыс  Қазақстан облысы бойынша ет және ет өнімдерін экспортау  көлемі туралы мәліміттер 1-15, 16-31 күндері  беретін есеп.

         3.16. Батыс  Қазақстан облысы бойынша  тірі малды экспорттау ( жас және жыныстык топтамасы) айлық есеп.

         3.17. ҚР АШМ ВБжҚК-нен және басқа да мемлекеттік органдардан түскен хаттар мен ұсыныстарға, Заңды, жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерге уақытылы, сапалы  жауап беру.

         3.18. Заңнамаға сәйкесті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.12.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.12.2022 – 12.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945