Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комиетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің бас маманы , C-O-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Аумақтық инспекция

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: мал дәрігерлік медицина, мал дәрігерлік тазалық сақтау, ветеринария

Функционалды міндеттер

Негізгі функционалдық міндеті: ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; облыс аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру, экспорттау ,импорттау және транзиттау кезінде кедендік бекеттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру. Ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ұсынады. Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. Шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысында бақылау жүргізеді. Жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша ветеринариялық бақылауды жүргізеді. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.12.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.12.2022 – 12.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945