«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ – AДАЛДЫҚ АЛАҢЫ»

«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ – AДАЛДЫҚ АЛАҢЫ»

ЖОБАСЫНЫҢ ЖАРҒЫСЫ

1-бөлім. Жобаның негізі мен миссиясы

 1. Жобаны жүзеге асыруға негіз Елбасының 5 қазан 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы болып табылады.

  1. «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» (бұдан әрі – Жоба) сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру, Казақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) және Министрліктің  қарамағындағы  ұйымдарға  азаматтардың сенімін нығайту.

2-бөлім. Негізгі ұғымдар

 Жобалық басқару мақсаттары үшін Министрлікте пайдаланылатын ұғымдар:

1) жоба – басталу және аяқталу күні көрсетіліп, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын үйлестірілген және бақылаудағы операциялардан тұратын процестердің жиынтығы;

2) жобалық офис – жобаларды іске асыруды, сондай-ақ  озық жобалық менеджмент тәжірибесін Министрлікте және жобалық команданың  қарамағындағы  ұйымдарда енгізуді, дамыту мен насихаттауды ұйымдастыратын жобалық басқару органы;

3) жоба жарғысы – жобаның негіз қалайтын құжаты, ол жобаны Министрліктің стратегиялық мақсаттарымен байланыстырады, жобаны авторлайды,  жобаның мақсаттары мен міндеттерін, жобалық команданың құрамын және басқа айқындайды;

4) жоба жоспары – жобалық команда әзірлеген құжат, ол жобаның орындалуын, мониторингі мен жобаны басқару қалай жүзеге асырылатынын белгілейді, жоба бойынша жұмыстар мен опреациялардың деңгейіне дейін іс-қимылдың тәртібін нақтылайды;

5) жоба нәтижесі – мақсаттарға қол жеткізу, міндеттерді іске асыру, жоба жоспарын орындау туралы аралық мәліметтер қамтылған құжат (есеп);

6) жобалық команда – жобаны іске асыру мақсатында біріктірілген Министрлік қызметкерлерінің тобы;

7) жоба стейкхолдерлері – мүдделі субъектілер, олардың іс-қимылдары, шешімдері мен әрекеттері жобаның табыстылығына әсер етуі мүмкін, немесе жобаны іске асыру барысында олардың мүдделері қозғалуы мүмкін.

 3-бөлім. Жобаны іске асыру бағыттары

  1. Жоба өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметін келесі салаларда жүзеге асырады:

ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім.

  1. Көрсетілген бағыттар шегінде мынадай міндеттер көзделген:
  • Сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау:
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілетін ұсынымдардың орындалуын мониторингтеу және үйлестіру;
  • Министрліктің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау себептері мен шарттарын жою бойынша ұсынымдарды орындау;
  • орталық және өңірлік деңгейлерде сервистік орталықтар мен фронт-офистер ашу есебінен Министрліктің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына ішкі мониторинг.
  • Қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету:
  • заманауи цифрлық технологияларды енгізу;
  • адами факторды жою;
  • бюджет қаражатының жұмсалуы туралы ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету.
  • Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру:
  • консультативтік-кеңесші органды қалыптастыру;
  • Министрліктің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу.
  • Сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру:

1) қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту;

2) Адалдық Алаңы платформасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы жарияланымды жүзеге асыру;

3) ұжымдарда парасаттылық қағидаттарын енгізу;

4-бөлім. Жобаны іске асыру мерзімі

  1. Жобаны іске асыру мерзімі:  Мерзімсіз.

5-бөлім. Жобаны кадрлық қамтамасыз ету

Жобалық команда Жобаның іске асырылуын қамтамасыз етеді. Министрліктің жауапты хатшысы Жобаның кураторы болып табылады.

  1. Жоба жетекшісінің лауазымына Министрдің бұйрығына сәйкес қоғамдық өкілі тағайындалады. Жоба қызметін үйлестіру және ұйымдастыру Жоба жетекшісіне жүктеледі (Министрліктің аумақтық департаменттерінің жанында Жобаның өкілдері болуы тиіс).
  2. Жоба жетекшісі Министрліктің не Комитеттердің жауапты лауазымды адамдарының ішінен саны кемінде 3 адамнан тұратын Жобалық команда құрамын қалыптастырады.
  3. Жоба қызметкерлері негізгі лауазымдық міндеттерін орындаудан босатылады.
  4. Жоба жетекшісі мен қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында міндетті оқудан өтеді.

6-бөлім. Жобаның қызметін қаржыландыру

  1. Жобалау кеңсесі РМК «Респпубликалық ветеринариялық зертхана» ғимаратында – Нұр-Сұлтан қ., Республика 50/1 мекенжайында орналасқан.
  2. Жобаның қызметін қаржыландыру, көлік шығындарын, ұйымдастыру техникасын, кеңсе тауарларын және басқа да шығын материалдарын төлеуді қоса алғанда, Министрлік есебінен жүзеге асырылады.
  3. Жобаның басшысы мен қызметкерлеріне жалақы негізгі жұмыс орны бойынша төленеді. Оларға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңда және ҚР Еңбек Кодексінде көзделген әлеуметтік кепілдіктер сақталады.                                                                                                                                 

7-бөлім. Жобаның қызметін басқару

  1. Жоғарыда көрсетілген Жобаның салалары мен бағыттары бойынша жұмысты Жобалық команда нақты тапсырмалар мен орындау мерзімі көрсетілген Жобалар жоспарының негізінде қамтамасыз етеді.
  2. Жобалық команданың Жобалар жоспарын Жоба кураторы бекітеді.

Жоба жоспарында жобаның ұйымдық құрылымы, мүдделі тараптар мен олардың коммуникация тәртібі, жауапкершілік матрицасы, күнтізбелік жұмыс кестесі, тәуекелдерді басқару стратегиясы және өзге қарастырылады.

Жоба жоспарында көзделген жұмыстар мен операциялар SMART өлшемшарттарына сәйкес болуы (нақты, өлшемді, қолжетімді, өзекті) және уақытша мен ресурстық шектеулерді ескеруі тиіс .

  1. Жоба жанында қоғамдастық, бизнес қауымдастық, БАҚ және басқа Жоба стейкхолдер өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес құрылады.
  2. Жоба күнделігі тұрақты негізде жүргізіледі.
  3. Жоба жетекшісі Агенттікке Жобаның нәтижелерін айына бір рет ұсынады.
  4. Жобалық команда ұсыныстар жиғаны қамтамасыз етеді, идеялар тізілімін қалыптастырады және жүргізеді.
  5. Жоба кураторы Жобалық команданың ұсыныстарын кемінде айына бір рет қарастырады.

Әр ұсыныс бойынша Жобалар жоспарына енгізу, басқа ұсыныстармен біріктіру немесе бас тарту туралы шешім қабылданады.

  1. Жобалық команда идея авторларымен олардың ұсыныстарын қарау жөнінде тұрақты негізде байланыста болады.
  2. Жоба қызметін ақпараттық сүйемелдеу БАҚ, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы тұрақты негізде қамтамасыз етіледі.                 

8-бөлім. Жобаны іске асыру тиімділігін бағалау және лауазымды адамдардың жауапкершілігі

  1. Жобаны іске асыру тиімділігін бағалау өңірлер бөлінісінде сыбайлас жемқорлық ахуалы туралы қоғамдық пікірді сипаттайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін анықтау жөнінде социологиялық зерттеулердің қорытындыларына негізделеді.
  2. Жобаны іске асыру тиімділігін бағалау үшін жауапкершілік оның жетекшісіне және Кураторға жүктеледі.