
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесі (Әрі қарай-Қоғамдық кеңес) 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 9-бабына және Қоғамдық кеңес туралы 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 Үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңестің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өтетіні туралы хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өтеді.
Құжаттар 2024 жыл, қазан айының 23 сәуір мен 6 мамыр аралығында қабылданады.
Қоғамдық кеңестен шығып кеткен 7 мүшесінің орнына конкурс жүргізіледі
Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері хабарландыру жарияланған кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсынады:
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар қажетті куәліктерді өздері немесе ақпараттық жүйелерден Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органдардың көрсетілген анықтамаларды сұратуға келісімін бере отырып тапсырады.
Құжаттар Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 3-кіберіс мекенжайы бойынша қабылданады немесе minagripress@gmail.com электрондық поштасына жіберіледі.
Анықтама телефоны: 8 7172 555 765.