
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ тазартылмаған күнбағыс майына квота алуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша 2020 жылдың сәуір айына тазартылмаған күнбағыс майын экспорттау үшін квота алуға құқығы бар өтініш берушілердің алдын ала тізбесі анықталды (қоса беріліп отыр).
Алынған квота шегінде тазартылмаған күнбағыс майын экспорттау бөлінген көлемге сәйкес ішкі нарыққа тазартылмаған күнбағыс майын кепілді жеткізу туралы ресми растау-хатынан кейін ғана мүмкін болады.
Кепілдендірілген жеткізілімдерге жататын тазартылмаған күнбағыс майының көлемі экспортқа алынған квота көлемінен және үлес салмағынан есептеледі.
Уәкілетті тұлғалар қол қойған және шығыс күні мен тіркеу нөмірі көрсетілген мөр таңбасы бар растау-хаттарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты бөлімшесінің электрондық мекен-жайына жіберу қажет: aimanova.g@minagri.gov.kz , анықтама үшін телефон: +7707-438-53-84.
Растама-хатты ұсынған жағдайда өтініш берушілер алдын ала тізбеден тазартылмаған күнбағыс майын әкетуге квота алған өтініш берушілердің жиынтық тізбесіне енгізіледі.
Тазартылмаған күнбағыс майын әкетуге квота алған өтініш берушілердің жиынтық тізбесі ҚР АШМ интернет-ресурсында жарияланады. Жиынтық тізбеге енгізу тазартылмаған күнбағыс майының экспортына фитосанитариялық сертификат алу үшін негіз болып табылады.