«ASTANA AGRO FORUM - 2018» агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша форум

«ASTANA AGRO FORUM - 2018» агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша форум

2018 жылдың  25 қазаны күні  сағат 09.00-де "Қазмедиа орталығы" ғимаратында  «ASTANA AGRO FORUM - 2018» агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша форум өтеді.
Форум жұмысына ҚР Премьер-министрі Б.А. Сағынтаев, Парламент депутаттары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдері, отандық және шетелдік инвесторлар, салалық одақтар, ассоциациялар және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысады деп күтілуде.

Форум барысында АӨК-ге инвестициялар салу бойынша дөңгелек үстел, ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды дамыту мәселелері бойынша республикалық конференция өтіп, оның шеңберінде ауылдық ҮЕҰ Коалициясы құрылатын болады, сондай-ақ, ҚР АШМ мен Қазақстан Азаматтық Альянсы арасында Меморандумға қол қойылмақ.

Сонымен қатар отандық компанияларға 5 аталым бойынша: "Мал шаруашылығы өнімдерін үздік экспорттаушы", "Өсімдік шаруашылығы өнімдерін үздік экспорттаушы", "Маш шаруашылығында рекорд жасаушы", "Өсімдік шаруашылығында рекорд жасаушы" және "АӨК-те цифрландыру көшбасшысы" наградаларын тапсыру салтанаты өтпек.
БАҚ-тарды аккредиттеу сайты: www.agroforum2018.kz

Форум өтетін жер: Астана, Қонаев көш, 4  
Кіру «Қазмедиа Орталығы» ғимаратының бүйір жағынан, Транспорт Тауэрге қарсы

Форумның өтетін уақыты: 25 қазан – 09.00 сағ. тіркелу уақыты

Байланыстар: +77014041707 - Мадина Искакова

Оқиға күні

26 қыркүйек 2019

Өткізу орны

Астана, Қонаев көш, 4 Кіру «Қазмедиа Орталығы» ғимаратының бүйір жағынан, Транспорт Тауэрге қарсы

Оқиға түрі

Хабарландыру