Аргентинаның алдыңғы қатарлы технологияларын АӨК енгізу
Аргентиналық ғалымдардың алдыңғы қатарлы әзірлемелерін ауыл шаруашылығына енгізу, Аргентинаның АӨК өнімдерін өндіру және экспорттау бойынша әлемнің үздіктерінің бірі болуға мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы саласына ғалымдарды белсенді тарту туралы тапсырмасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров Аргентинаның Ұлттық ауыл шаруашылығы технология институтының президенті Х.И. Бальбин мырзамен кездесу өткізеді. Келіссөздер барысында тараптар Казақстанның АӨК-не Аргентинаның алдыңғы қатарлы технологияларын енгізу мәселелерін де талқылайды.
Сонымен қатар, Аргентина делегациясы «Асыл-Түлік» асыл тұқымды-генетикалық орталығында, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да және Бараев атындағы ҒӨО Тұқым шаруашылығын дамыту орталығына барады.
Өткізу жері: Нұр-Сұлтан қ., Кенесары 36 к., ҚР АШМ ғимараты
Өткізу уақыты: 2019 жылдың 18 шілдесі 11-00 сағ.
БАҚ аккредитациялау сілтеме бойынша: https://forms.gle/oLusHrhNRZ23vxpV6
Байланыс телефондары: +7(7172) 55-59-47, 55-57-65, 8-747-311-39-14
Почтасы:minagripress@gmail.com
26 қыркүйек 2019
Нұр-Сұлтан қ., Кенесары 36 к., ҚР АШМ ғимараты
Хабарландыру