Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі конференциясы өтеді

Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі конференциясы өтеді

19-20 қазанда «EXPO» ХКО-да KazAgro/KazFarm-2023 халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді.

Қатысушылар әлемнің жетекші ауыл шаруашылығы концерндерінің озық ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтарын ұсынады, сондай-ақ соңғы инновациялық технологиялар мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламаларын көрсетеді.

Салалық көрме аясында 20 қазанда ҚР АШМ-нің ұйымдастыруымен ТМД-ға мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Министрлік конференциясы өтеді. Сондай-ақ бағдарлама аясында жетекші сала мамандарының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен инновациялық орталықтарының басшыларының қатысуымен семинарлар, презентациялар, бизнес-миссиялар қарастырылған.

Министрлік конференциясының басталуы сағат 11.00-де.

Конференция қорытындысы бойыншажурналистерге арналған брифинг өтеді.

Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 53/1.

Аккредиттеу үшін БАҚ атауын, журналистің аты-жөнін және байланыс нөмірін көрсете отырыпminagripress@gmail.comпоштаға жіберу керек.

Аккредиттеу 18 қазанда сағат 17.00-де аяқталады.

Қосымша сұрақтар бойынша: ҚР АШМ баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев, Тел.: +7 701 701 3450.

Басталу уақыты

19 қазан 2023

Соңғы күні

20 қазан 2023

Өткізу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 53/1

Оқиға түрі

Конференция

Кіру

Тіркелу қажет