АНОНС! Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Шымкент қаласының фермерлерімен кездесу өткізеді


2022 жылғы 22 желтоқсанда ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында Шымкент қаласы мен Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде өңірдің АӨК дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылау жоспарланған. Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында бірнеше фермерлік шаруашылықтарға бару көзделіп отыр.
Кездесу сағат 18.15-те «Shymkent» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінде өтеді.
БАҚ өкілдерін министрдің кездесуіне қатысуға шақырамыз.
Тел. бойынша толық ақпарат: +7 701 701 34 50 - Дамир Егізбаев
Оқиға күні
22 желтоқсан 2022
Өткізу орны
Шымкент қ. «Shymkent» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінде
Оқиға түрі
Рабочая поездка