АНОНС Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Помологиялық бағының 85 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, жетекші ғалымдар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері Қазақстанның жеміс-көкөніс шаруашылығы саласындағы ғылымды дамыту мәселелері мен болашағын талқылайды.
2022 жылы 16 қыркүйекте Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Талғар» өңірлік филиалының Помологиялық бағында («Жеміс-көкөніс шаруашылығы саласындағы ғылымды дамытудың өзекті мәселелері мен болашағы» атты) халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек, ҰАҒБО Ситуациялық-талдау орталығының жетекшісі Серік Сыдықов, Талғар ауданы әкімінің м.а. Ермек Толқынов, сондай-ақ Алматы қаласының символына айналған әйгілі селекционер, Алматы апортын жасаушы Егор Редьконың ұрпағы Сергей Редько қатысады.
БАҚ өкілдері үшін конференция өтетін жерге дейін трансфер ұйымдастырылады.
Мекен-жайы: Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының "Талғар" өңірлік филиалы. Алматы облысы Талғар ауданы Алмалық ауылы, Помологиялық бақ.
Уақыты: 09.00
БАҚ жиналатын жері: 16.09.2022 жылы, сағ.07.30. (Автобус ҚазҰАУ бас корпусынан сағат 08.00-де жүреді, Алматы қаласы, Абай даңғ.8)
Байланыс нөмірі: Сагындыкова Сымбат тел. 87761242466
Лара Кубенкулова, laram2017@inbox.ru, тел. 87717755531
16 қыркүйек 2022
Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының "Талғар" өңірлік филиалы. Алматы облысы Талғар ауданы Алмалық ауылы, Помологиялық бақ
Конференция
Тегін