«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК КОМИТЕТІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ


2020 жылдың 4 ақпанында сағат 15:00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде (Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы 62, бас ғимарат) «Қазақстан Республикасы аграрлық ғылымды дамытудың проблемалары мен перспективалары» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысы болады.
Көшпелі отырысқа ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Р.Джаксыбеков, ҚР Парламенті Сенатының Комитетінің мүшелері, ҚР БжҒМ мен ҚР АШМ өкілдері, «ҰАҒБО» КеАҚ Басқарма Төрағасы Т.С.Рақымбеков, «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы А.Қ.Күрішбаев, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС Бас директоры А.В.Агеенко, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС Бас директоры А.Ә.Сұлтанов және т.б. қатысады.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің баспасөз қызметі
Анықтама үшін: 8(7172) 395-707, 8 701 472 51 29
04 ақпан 2020
http://kazatu.kz/ru/
Отырыс
Бесплатно