Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.С. Сапаровтың «2020 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу» мәселесі бойынша брифингте жасаған БАЯНДАМАСЫ

Құрметті брифингке қатысушылар!

 

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын уақытында жүргізу бойынша міндет қойды.

Оңтайлы агромерзімде сапалы өткізілген көктемгі егіс жұмыстары жақсы өнімнің кепілі болып табылады,
бұл өз кезегінде елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіндігі белгілі.

Осы бағытта жасалып жатырған жұмыстар туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Жалпы, 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 22,5 млн. га құрайды.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың алаңы 15,2 млн. га (193 мың. га кем), соның ішінде бидайдың алаңы – 11,4 млн. га (4 мың га).

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында  егіс алқаптарын әртараптандыру және жоғары рентабельді дақылдар өсіруге көшу бойынша жұмыстар жалғасуда. Осылайша, майлы дақылдардың жоспарланған алаңы 3 млн. тга құрайды, ол өткен жылмен салыстырғанда 122 мың га көп. Көкөніс-бақша дақылдары мен картоптың алаңы 19 мың тонна, азықтық дақылдарың алаңдары 309 мың га өсуі қамтамасыз етіледі.

Техникалық дақылдардың (қант қызылшасы, мақта, темекі) алаңы 132 мың. га құрайды (18,6 мың га кем).

Егіс алаңдарының құрылымын, ең алдымен, облыс әкімдіктеріне ішкі нарықтың қажеттілігіне қарай жеткіземіз. Мысалы, қақақұмықтың алаңының 30 мың га көбеюі жоспарлануда, бұл өзімізді осы дақылға деген қажеттілікке толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тұқым дайындау мәселесі және олардың сапалық көрсеткіштері аса маңызды болып табылады, қазіргі таңда 2,5 млн.тонна тұқым құйылды, бұл тұқымдық материалға деген толық қажеттілікті қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні 1,0 млн. тонна тұқым тексерілді, кондицияға 95% сәйкес келеді, 47 мың тонна немесе 5% кондициялық емес деп танылды.

Облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,3 млрд. теңге қарастырылған, қосымша республикалық бюджет қаражатынан шамамен 29,4 мың тонна тұқым және 838,7 мың дана элиталық көшеттер сатып алуға
2,5 млрд. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, жоғары өнімді алу үшін тыңайтқыштарды қолдану маңызды рөл атқарады.

2020 жылға облыстардың жергілікті бюджеттерінде 23,3 млрд.теңге қарастырылған, бұл 480 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыштар сатып алуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте республикалық бюджеттен (9 өңірдің) шаруалармен шамамен 54 мың тонна тыңайтқыш сатып алуға қосымша 2,8 млрд. теңге қаражат бөлінді.

2020 жылға арналған облыстардың жергілікті бюджеттерінде пестицидтерді субсидиялауға 31,4 млрд. теңге бөлінді, бұл шамамен 15 млн. литр пестицидті субсидиялауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен (8 өңірдің)  шаруаларға 1,6 млн. литр пестицидтерді сатып алуға 5,6 млрд. теңге көлемінде қосымша бюджет қаражаты бөлінді.

Бірінші рет гербицидтер ғана емес, басқа да пестицидтер субсидияланатынын атап өткім келеді, бұл  - фунгицидтер мен инсектицидтер.

Жалпы бұл егістіктердің фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы техникасын дайындау туралы айтатын болсақ,  облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 98% құрайды.

Жұмыстың ұзақ тоқтауын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жөндеу бригадаларын құрады. Сервистік компаниялармен олардың көшпелі сервисті күшейтуі бойынша, сондай-ақ қоймаларды қажетті қосалқы бөлшектермен толтыру жөнінде тиісті жұмыстар жүргізілді.

Жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін техниканың дайындығы 100% құрайды деп жоспарлануда.

Көктемгі егіс жұмыстарын уақытында жүргізу үшін ақпан-маусым айларына 387 мың тонна дизель отыны бөлінді.

8 сәуірдегі жағдай бойынша бекітілген Кесте бойынша 387 мың тонна жоспардың 119 мың тоннасына шарттар жасалвп, оның 103,4 мың тоннасы тиелді.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау бойынша іс-шараларды жүргізу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на республикалық бюджеттен
70 млрд. теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлді, бұл әдеттегіден 10 млрд. теңгеге артық. Соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-дан аспайды.

Қазіргі уақытта АШТӨ-нің 54,4 млрд.теңге сомасына өтінімдері қаржыландырылды, тағы 14,6 млрд. теңгеге өтінімдер жұмыс істеуде.

Қазіргі уақытта егіс науқаны оңтүстік өңірлерде жүргізілуде, осылайша Жамбыл облысында 249,5 мың га немесе жаздық егіс алаңының 67%-ы, Түркістан облысында – 167,5 мың га (25,5%), Алматы облысында – 97,1 мың га (15,6%), Қызылорда облысында - 23,9 мың га (17,6%) алқапта егу жүзеге асырылды.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы
31 наурыздағв тапсырмасын орындау аясында Энергетика министрлігі 1 сәуірден бастап МӨЗ – ден орташа нарықтық баға - 174,0 мың теңге/тонна немесе 144 теңге/литр бекітілді.

Операторлардың орташа шығыдарын ескере отырып, сәуірде АШТӨ үшін республика бойынша бағалар 165 теңге/литр құрайды, ол нарықтық бағадан
13-15% арзан (ЖҚБ 188 -190 теңге/литр).

Бастапқы баға 194 мың теңге құрағанын еске саламын.

Арзандатылған отынды ашық бөлу бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Министрлік пен әкімдік бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауда.

Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасымен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қосымша
100 млрд. теңге бөлінді. Субсидиялауды есепке ала отырып, соңғы сыйақы мөлшерлемесі қарыз алушылар үшін жылдық 6% құрайды.

Бұл шаруаларды айналым қаражатымен, тұқым, тыңайтқыштар, өсімдік қорғау құралдарымен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.       Сондай-ақ, короновирус пандемиясына байланысты елде төтенше жағдай енгізілгеннен бері Министрліктің атына көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылған және қажетті адамдардың, техника мен өнімдердің қозғалуына байланысты туындаған мәселелер бойынша көптеген хаттар келіп түсе бастағанын атап өту қажет.

Осы мәселелерді шешу үшін Министрлік төтенше жағдай кезеңінде рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету мәселелерін енгізуді, сондай-ақ КДЖ техникамен, тыңайтқыштармен, өсімдіктерді қорғау құралдарымен, қосалқы бөлшектермен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударуды және ерекше бақылауға алуды сұрап, әрбір облыс әкімінің атына тиісті хаттар жолдады.

КДЖ өткізу үшін жеке адамдар мен көліктің тізбесін құруды, ауыл шаруашылығы басқармалары мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшыларын ТЖ жөніндегі штаб құрамына енгізуді, сондай-ақ адамдар мен техниканың кедергісіз ауданаралық қозғалысын қамтамасыз етуді көздейтін КДЖ жүргізуді қамтамасыз етудің бірыңғай алгоритмі әзірленді және әкімдіктерге жеткізілді.

Әрине, карантинді аймақтардың ішінде және сыртында орын ауыстыру барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды толық сақтай отырып жүзеге асырылатын болады. Шаруашылықтар мен сервистік компаниялар қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен және антисептикалық құралдармен қамтамасыз ететін болады.

Бүгінгі таңда бұл мәселе Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдіктерімен шешілді, басқа да облыстарда шешу сатысында.

Жалпы дайындық жоспарлы тәртіпте жүргізіледі, КДЖ өткізу бойынша жағдай Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Көктемгі дала жұмыстарын жаппай өткізу кезінде барлық бағыттар бойынша дайындық 100% құрайды деп жоспарлануда.

 

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
08 апреля 2020
Дата обновления
08 апреля 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы