Меню

Страницы

Статья

«2019 жылғы қаңтар-мамырдағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттік орындалуы туралы» Ауыл шаруашылығы министрі С.К. Омаровтың сөйлейтін сөзі

 
                                                                            Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
                                                                              Құрметті Үкімет мүшелері!
1-слайд. 2019 жылғы қаңтар-мамыр айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3,7 %-ға ұлғайды (жылдық жоспар – 106,2%).
Аталған өсім негізінен жалпы мал шаруашылығы өнімін шығару көлемінің 3,6%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етіліп отыр, ол өз кезегінде сойылған мал мен құстың тірідей салмақтағы көлемінің 4,8%-ға, шикі сиыр сүті сауымының 3,1%-ға, алынған тауық жұмыртқасы санының 2,1%-ға өсіміне байланысты артты.
2-слайд. Мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің өсуі «Сыбаға», «Алтын асық» және «Ырыс» кредит беру бағдарламаларының сәтті іске асырылуымен байланысты орын алды. Ағымдағы жылдың 5 айында-ақ осы бағдарламалар бойынша 41,8 мың бас ірі қара мал сатып алуға 254 шаруашылыққа кредит берілді, бұл жалпы жылдық жоспардың 43%-ын құрайды, 132,1 мың бас немесе жылдық жоспардың 36%-ы көлемінде аналық ұсақ мал сатып алуға 340 шаруашылыққа кредит берілді, «Ырыс» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері жалпы 2000 басты құрайтын 3 тауарлық сүт кешені пайдалануға берілді.
Өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру көлемі аталған кезеңде 108,1%-ға ұлғайды. Бұл Түркістан облысында қырыққабат өндіру көлемінің өсуіне байланысты орын алды.
3-слайд. Тамақ өнімдерін өндіру көлемі 1,2%-ға артты (жылдық жоспар – 106,2%).
Сусындар өндіру 18,9%-ға ұлғайды (жылдық жоспар – 104,2%).
Анықтама ретінде: 2019 жылғы қаңтар-мамыр айларында (НҚИ– 101,2%) осы жылдың қаңтар-сәуір айларымен (НҚИ – 102,5%) салыстырғанда өсу қарқыны 1,3%-ға төмендеді. Статистика комитетінің алдын-ала деректері бойынша өсу қарқынының төмендеуі Алматы облысына қант және ұн өндірісінің, Алматы қаласында күнбағыс майы мен кондитерлік өнімдер өндірісінің төмендеуіне байланысты орын алған.
4-слайд. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша барлық өңірлер егіс науқанын аяқтады.
Жалпы көктемгі егіс алаңы 19,0 млн. гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар 14,5 млн. гектарға, майлы дақылдар 2,7 млн. гектарға, көкөніс-бақша дақылдары және картоп 458,3 мың гектарға, азықтық дақылдар 1,2 млн. гектарға, техникалық дақылдар (қант қызылшасы, мақта, темекі) 144,0 мың гектарға себілді.
5-слайд. Көктемгі егіс жұмыстарына кредит беру бағдарламасының операторы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жалпы 60 млрд. теңге сомасына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 2012 өтінім қабылданды, оның ішінде 55,9 млрд. теңге сомасына 1912 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылды. Қалған қаражат егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға бағытталатын болады.
Республикалық бюджеттің орындалуы
2019 жылы республикалық бюджеттен Министрлікке 455,9 млрд. теңге көзделген.
Есепті кезеңге (01.06.2019 ж.) арналған игеру жоспары 235,4 млрд. теңгені құрады, оның 234,5 млрд. теңгесі немесе жоспардың 99,6%-ы игерілді.
Қаражаттың игерілмеуінің негізгі себептері көрсетілген қызметтер актілерін ресімдеу жөніндегі рәсімдердің жүргізілу, оның ішінде өткізілмеген конкурстар, еңбек ақы қоры бойынша қалдық және т.б. болып табылады.
Анықтама ретінде:
Орындалмағаны – 864,1 млн. теңге:
23,9 млн. теңге – бюджет қаражаттарының үнемделген көлемі.
Игерілмегені – 840,2 млн. теңге:
су ресурстарын басқару бойынша – 53,1 млн. теңге;
орман ресурстары мен жануарларын дүниесін басқару, сақтау және дамыту бойынша – 344,5 млн. теңге;
өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамыту, өткізу үшін жағдай жасау бойынша – 65,9 млн. теңге;
ветеринария бойынша – 17,4 млн. теңге;
басқада шығындар және әкімшілік шығыстар – 359,3 млн. теңге. 
Назарларыңызға рахмет.
                                                                  
Дата публикации
11 июня 2019
Дата обновления
11 июня 2019
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
РЕЕСТР ДОЛЖНОСТЕЙ ПОДВЕРЖЕННЫХ КОРРУПЦИОННЫМ РИСКАМ 2026 (Комитет государственной инспекции в агропромышленном комплексе, территориальные департаменты)
29 сентября 2026
РЕЕСТР ДОЛЖНОСТЕЙ ПОДВЕРЖЕННЫХ КОРРУПЦИОННЫМ РИСКАМ 2026 (Комитет государственной инспекции в агропромышленном комплексе)
29 сентября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ 2026 (Комитет государственной инспекции в агропромышленном комплексе, территориальные департаменты)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы