Құрметті Сапархан Кесікбайұлы!
Құрметті Алқа мүшелері және алқа қонақтары!
(СЛАЙД - басқы бет)
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану бойынша берген тапсырмаларының орындалуы және жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.
(1-Слайд)
Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау бойынша келесі жұмыстар атқарылды:
1) Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының аясында Жер кодексіне жер мониторингі, оның ішінде, жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдану бойынша өзгерістер енгізілді. Ғарыштық мониторинг пайдаланылмайтын жерлерді уақтылы және сапалы анықтау және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою бойынша негізгі рөлді қамтамасыз етуге бағытталған.
2020 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жерлерінің ғарыштық мониторингі бойынша пилоттық жоба төрт облыста, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында іске қосылды. Бұл облыстар кездейсоқ таңдалған жоқ, дәл осы аумақтардан жер пайдалану саласында ең көп өтініштер мен шағымдардың түсуі байқалған болатын.
2020 жылғы желтоқсан айындағы жағдай бойынша пилоттық жоба көрсетілген аумақтарда аяқталды. Сәйкесінше 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ғарыштық мониторинг республиканың барлық аумақтарында қолданылатын болады.
2) Мемлекеттік органдар және «Атамекен» ҰКП бірлесіп пайдаланылмай жатқан жерлерге салықтың мөлшерлемесін 10 нан 20 ға дейін көтеру жұмыстары пысықталды. 2020 жылғы 10 қаңтарда «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетт төлемдер туралы» тиісті Заң қабылданды, ол салықтың мөлшерлемесін жиырма есеге көтеруді көздейді және пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінен өз еркімен бас тартуға экономикалық тұрғыдан мәжбүрлеуге әкеледі.
3) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.
Заң жобасын қабылдаудың мақсаты болып жер заңнамасын жетілдіру, жер учаскелерін беру тәртібінің рәсімдерін оңтайландыру, жер қатынастары саласындағы қызметтерді цифрландыру арқылы халықтың мемлекетпен өзара іс-қимылын қысқарту, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту табылады.
4) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, ол тексеру кезеңдерін және пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою мерзімдерін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартуды көздейд.
(Слайд 2)
Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануды бақылау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді.
Бұл ретте, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау бойынша жергілікті атқарушы органдардың жүргізіп жатқан жұмыстары Министрліктің тұрақты бақылауында, оларды ескере отырып, осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөніндегі заңнамалық шаралар жетілдірілуде.
Жалпы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және алып қою бойынша республика бойынша соңғы 2 жылда оң үрдіс байқалуда.
Министрліктің сайтында тұрақты негізде сот шешімі бойынша жер учаскелері мәжбүрлеп алынып қойылған тұлғалардың тізілімі қалыптастырылады, бүгінде тізілімде алты жүзден астам тұлға бар.
2016-2018 жылдар аралығында республика бойынша анықталған ауыл шаруашылығы жерлерінің барлығы 7,5 млн. га құрады, оның ішінде мемлекеттік бақылау шаралар жүргізілген соң мемлекеттік меншікке 4 млн. га жерлер қайтарылды, ауыл шаруашылығы айналымына тартылды, яғни, 2,5 млн. га. жерлер пайдаланыла бастады.
Соңғы екі жылда, 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі анықталған пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің алаңы 15,7 млн.га құрады, оның 4,2 млн. га мемлекеттік меншікке қайтарылды, 4,8 млн. га ауыл шаруашылығы айналымына тартылды.
Осылайша, слайда көрсетілгендей пайдаланылмай жатқан жерлердің алаңы соңғы екі жылда алдыңғы үш жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп отыр.
Бұл фактілер жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылаудың күшейтілгенін және соңғы жылдары қабылданып жатқан шаралардың қатаңдатылғанын айғақтайды.
(Слайд 3)
Мемлекет Басшысымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында жерлердің ғарыштық мониторингі бойынша барлық дайындық жұмыстарын аяқтау және 2020 жылы кейбір облыстарда пилоттық жоба жүргізу туралы тапсырма берген болатын.
Осы тапсырманы орындау үшін Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ғарыштық мониторинг бойынша пилоттық жоба жүргізілді. Пилоттық өңірлердегі ғарыштық мониторинг нәтижесі алаңы 8,3 млн.га, оның ішінде 0,7 млн. га егістік, 7,6 млн. га жайылым (Ақмола – 2,3 млн. га, Шығыс Қазақстан – 1,6 млн.га, Қостанай – 2,1 млн. га, Маңғыстау – 2,3 млн. га) жерлердің пайдаланылмай жатқанын көрсетті.
Ғарыштық мониторингті жүргізу барысы Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі веб-порталында және Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорларын біріктіруден тұрады, яғни, жүйе автоматты түрде бекітілген нормативтерге сәйкес жайылым алқаптарының ауыл шаруашылығы жануарларының бір шартты басына жүктемесін салыстырады.
Салыстыру нәтижесінде электрондық цифрлық картада жайылымдардың жүктелмеген, яғни пайдаанылмай жатқан, учаскелері қызыл түспен көрсетіледі.
Порталдың бүкіл жұмыс барысы жер инспекторына оның жеке кабинеті арқылы қол жетімді. Ғарыштық мониторингтің онлайн деректері тұрақты негізде жаңартылып отырады.
Ғарыш түсірілімдері арқылы жайылымдардың пайдалану немесе пайдаланбауы ғана емес, егістік алқаптардың пайдаланылуы да байқалады. Сондай ақ, жер инспекторлары тиісті индикаторлар арқылы алқаптардың сүрі жерлерін (паровые поля) және өңделуін байқай алады, дақылдардың түрлерін, химиялық өңдеу барысын айқындай алады.
Жер инспекторының жеке кабинетінде пайдаланылмайтын жерлерге хабарламаны автоматты түрде қалыптастыру және оны жер пайдаланушының жеке кабинетіне жіберу көзделген.
Жұмыс барысы электрондық картада көрсетілген түсті шартты белгілермен көруге ашық қол жетімді веб-порталда көрсетіледі. Бұл ретте, жер пайдаланушылар ЭЦҚ арқылы толық зерделеу үшін веб-порталға өз жер учаскелеріне көре алады.
Бұдан басқа, кадастрлық нөмірлері, алаңы және учаскелердің нақты орналасқан жері көрсетілген пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері бойынша субъектілердің тізілімі (қара тізім) qoldau.kz сайтында жарияланған, яғни жалпыға қол жетімді.
Бүгінгі күні әкімдіктер инспекторлардың жеке кабинеттері арқылы қолданыстағы заңнамада көзделген жер пайдалану саласында шаралар қабылдау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері бойынша нақты мәліметтерді анықтауға мүмкіндік берген, деректерді субьектілік салыстырып тексеру бойынша веб-порталда жүргізген белсенді жұмысы үшін пилоттық өңірлерге алғыс айтқым келеді.
(Слайд 4)
Бұдан басқа, тұрақты түрде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін өндірістік қызметке енгізу бөлігінде мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша жқмыстар жүргізіліп жатыр. Заңнамалық тұрғыда тексеру кезеңдерін және алып қою мерзімдерін 2 жылдан 1 жылға дейін, байланыссыз бақылау процесін автоматтандыру негізінде ғарыштық мониторинг деректерін пайдалана отырып қысқарту жлоспарланып отыр.
Автоматтандыру барысы заң бұзушылықтар анықталған жағдайда жер пайдаланушыға СМС-хабарламалар арқылы немесе кез келген қолжетімді тәсілмен бір жыл мерзімге анықталған бұзушылықтар туралы және жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау бойынша хабарлама жіберуді көздейді.
Заң бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін ғарыш түсірілімдерін қолдану, сондай-ақ бақылау субъектісіне бару арқылы қайталама ғарыштық мониторинг жүргізіледі. Заң бұзушылық жойылмаған жағдайда пайдаланылмайтын жер учаскесін алып қою туралы сотқа талап арыз беріледі.
Сондай-ақ, алып қоюдың жаңа тетігін енгізу хабарламаны қолма-қол табыс етуге, әкімшілік іс жүргізу туралы іс қозғауға, сондай-ақ мемлекеттік инспектордың бақылау субъектісімен байланысына жол берілмейді.
(Слайд 5)
Министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Парламент Мәжілісіне қарауға енгізді.
Бұл Заң жобасының жаңалығы (новелласы) болып жер учаскелерін беру барысын біріздендіру, өтініштердің мерзімдері мен қарау барысын ақпараттық жүйеде бақылау, қызметтерді қағазсыз жүргізу, жер комиссиясы институтын алып тастау, жер учаскелерін беруді мемлекетті органдармен және монополист ұйымдармен келісуді электрондық форматта жүргізу табылады.
Жер учаскелерін, жылжымайтын мүлікті ресімдеу, тіркеу барысы жер және құқықтық кадастрының ақпараттық жүйесін шоғырландыру жолымен құрылатын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінде жария (публичная) кадастрлық картада жүзеге асырылатын болады.Начало формы
Электрондық жария картаны енгізудің техникалық бөлігін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі пысықтайтын болады.
Заң жобасымен жерді 2 жолмен беру қарастырылған: тікелей беру және сауда-саттық арқылы беру.
Бірінші әдіс жерлерді субъектілерге жер құқығын беру туралы шешім қабылдау арқылы беруді көздейді.
Бүгін жер учаскелерін тікелей беру 3 кезеңнен, 38 қадамнан тұрады және рәсімдеу мерзімі 1 жылға дейін жетеді. Цифрландыру рәсімдерді, жер комиссиясын және жерлерді беру мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді, бұл 30 күнге дейін уақытта құрайтын болады.
Екінші әдіс - негізінен сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда), олар тек қана электрондық түрде, Қаржы министрлігінің gosreestr.kz электрондық сауда алаңында өткізілетін болады.
Сауда-саттықта жер учаскелерін берудің қолданыстағы процесі 3 кезеңнен,19 қадамнан тұрады және 3 айға дейінгі мерзімді алады. Электрондық формат жер беру мерзімін 10 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік беретін болады.
Ауыл шаруашылығы жерлері бойынша конкурс өткізу рәсімі 3 кезеңнен, 19 қадамнан, 4 айға дейінгі мерзімнен тұрады. Автоматтандыру мерзімді 30 күнге дейін қысқартуға, бюрократияны азайтуға мүмкіндік береді және конкурс ашық болады.
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 15 мемлекеттік қызмет бар, оның ішінде 14-і электронды форматқа ауыстырылды, бұл 90% құрайды. 10 қызметті жергілікті атқарушы органдар, 5 қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсетеді.
Мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесі базасында берілген жер учаскелері туралы 6,5 млн.астам мәліметтер бар.
Заң қабылданғаннан кейін ауыл шаруашылығы жерлерін беру процесі оңтайландырылады және электронды форматта беру арқылы автоматтандырылатын болады, бұл жер қатынастарында ашықтықты және бюрократияны төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Назарларыңызға рахмет!