«Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналған

НЫСАН

1.      

НҚА жобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

«Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы

2.      

Әзірлеуші мемлекеттік орган

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

3.      

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Облыстардың атауларын «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 03.05.2022 жылғы № 887 Жарлығына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 19.06.2018 жылғы № 702 Жарлығына сәйкес келтіру мақсатында.

4.      

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында бұйрыққа өзгерістер енгізіледі және асыл тұқымдық кітапты жүргізу тәртібін айқындайды: асыл тұқымды мал туралы деректерді асыл тұқымдық кітапқа енгізу кезінде облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға берілген маркалар сәйкестендіріледі

5.      

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Осы өзгерістерді қабылдау өңірлерге заңдармен көзделген нормаларға сәйкес жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.

6.      

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

 

«Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
20 июня 2025