БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:
3-1-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Кепілгер кредит берушімен портфельдік кепілдік беру туралы келісім жасаса отырып, көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған кредиттік шарттар бойынша портфельдік кепілдік беру әдісін қолданады және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келісімде кепілгердің ішкі құжаттары негізінде қарыз алушыға кредит пен кепілдіктің ең жоғары сомасын белгілейді. Көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған кредиттер бойынша портфельдік кепілдік беру әдісін қолданған кезде кредиттік шарттар дербес кредиттік шарттар ретінде, оның ішінде кредиттік желіні ашу туралы келісім шеңберінде ресімделеді.
Егер кредиттік шарт бойынша кредит беруші қарыз алушыларды одан әрі қаржыландыру мақсатында еншілес ұйымның қаражаты есебінен қаржыландырылған кредиттік серіктестік немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация болған жағдайда, портфельді кепілдендіру туралы келісім кепілгер, еншілес ұйым және кредиттік серіктестік немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арасында жасалады.»;
3-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кепілгер кредитормен портфельдік кепілдік беру туралы келісім жасаса отырып, айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттік шарттар бойынша портфельдік кепілдік беру әдісін қолданады және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келісімде кепілгердің ішкі құжаттары негізінде қарыз алушыға кредит пен кепілдіктің ең жоғары сомасын белгілейді. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша портфельдік кепілдік беру әдісін қолданған кезде кредиттік шарттар дербес кредиттік шарттар ретінде, оның ішінде кредиттік желіні ашу туралы келісім шеңберінде ресімделеді.»;
5-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2. Кепілгер кредиттік шарттар бойынша кепілдіктерді талап алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, ал осы Қағидалардың 3-1 және 3-2-тармақтарында көрсетілген кредиттік шарттар бойынша көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге, айналым қаражатын толықтыруға кепілдік беру шеңберінде кредиттік шарттар бойынша − талап алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде төлейді.
Бұл ретте, кредиттік шарт бойынша кредиторлар қарыз алушыларды одан әрі қаржыландыру мақсатында еншілес ұйымдардың қаражаты есебінен қаржыландырылған кредиттік серіктестіктер немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар болған жағдайда, кредиттік шарт бойынша міндеттемелерді кредиттік серіктестіктер немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар еншілес ұйымдардың алдында өтейтін жағдайларды қоспағанда, кепілдік бойынша төлемді кепілгер еншілес ұйымдардың пайдасына жүргізеді. Мұндай жағдайларда кепілдік бойынша төлемді кепілгер кредиттік серіктестіктердің немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың пайдасына жүргізеді.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінімді/осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінімді/осы Қағидаларға 7-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айналым қаражатын толықтыруға кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінімді қалыптастыру және тіркеу мынадай тәртіптердің бірі бойынша жеке кабинетте жүргізіледі:
1) қарыз алушыдан кредиторға кредит алуға өтінім келіп түскен кезде (кепілгерге кепілдендіру өтінімімен одан әрі жүгіну ниетімен) кредитор кепілдендіру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, кепілгерді хабардар етеді.
Кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін кредитор кепілгерге кредитордың ішкі нормативтік құжаттарында айқындалған тізбе бойынша құжаттарды ұсынады.
Кепілгер кредитордан құжаттарды және қарыз алушыдан өтінішті алғаннан кейін 750 000 000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден аспайтын кредиттер бойынша 5 (бес) жұмыс күні және 750 000 000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден асатын кредиттер бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін жобаны кепілгердің уәкілетті органының қарауына шығарады.
Ұсынылған мәліметтердің және (немесе) құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, кепілгер 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кредиторға/қарыз алушыға пысықтау үшін қайтарады. Бұл ретте өтінімді қараудың жалпы мерзімі құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап тоқтатылады және қайта басталады.
Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар осы Қағидалардың шарттарына және (немесе) кепілгердің уәкілетті органы бекіткен оның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, кепілгер нақты себептерін көрсете отырып, уәжді бас тартуды жібереді.
Жоба осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген, сондай-ақ қарыз алушылар кредитордың шешімімен белгіленген қарыз алушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, кепілгердің кепілдік беруден бас тартуына жол беріледі.
Кепілгер кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған кезде СМАЖ-да кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім/көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім/айналым қаражатын толықтыруға кепілдік беру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім қалыптастырылады;
2) кепілгердің ішкі нормативтік құжаттарында айқындалған тізбе бойынша құжаттарды қоса бере отырып, қарыз алушыдан кепілдік алуға кепілгерге тікелей өтінім келіп түскен кезде соңғысы кредитордың пайдасына кепіл беру туралы мәселені қарайды.
Кепілгер қарыз алушыдан өтініш пен құжаттарды алғаннан кейін осы Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды және олар бойынша шешім қабылдайды. Кепілгер кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған кезде СМАЖ-да кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім/көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім/айналым қаражатын толықтыруға кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім қалыптастырылады;
3) кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім/көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім/айналым қаражатын толықтыруға кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім кепілгердің ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, оған қол қоюы арқылы СМАЖ-да тіркеледі және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің)/уәкілетті органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жеке кабинетінде қолжетімді болады. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің)/уәкілетті органның (көрсетілетін қызметті берушінің) электрондық мекенжайына кепілдік беру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
Кепілдік шарты жасалғаннан кейін кепілгер кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінімді/көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінімді/айналым қаражатын толықтыруға кепілдік беру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінімді қайтарып алады және кепілдендіру бойынша субсидия алуға өтінімді/көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінімді/айналым қаражатын толықтыруға кепілдендіру бойынша субсидия алуға өтінімді береді.
Көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге немесе айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша портфельдік кепілдік беру әдісін қолданған кезде кепілдік беру бойынша субсидия алуға алдын ала өтінім берілмейді.»;
25-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25-1. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші), кепілгер тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей, сондай-ақ жыл сайын, есептік жылдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға (көрсетілетін қызметті берушіге) осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыздарға кепілдік беру жөніндегі субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп береді.»;
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
9-1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
|
А. Султанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі